Алматы облысында мемлекеттік қызметкерлерге қойылатын талап күшейді

/uploads/thumbnail/20170709072142695_small.PNG

«Мемлекеттік қызметкерлердің кәсібилігі мен әдебі - бұл мемлекеттің тұрақты дамуының кепілі»! Бүгін осындай тақырыппен Жамбыл ауданында мемлекеттік қызметкерлерге арналған жиын өтті.  Басқосуда ҚР мемлекеттік қызмет істерінің Алматы облысы бойынша департаментінің және әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Серікбай Нұрғисаев --маңызды баяндама жасады, - деп хабарлайды Qamshy.kz "Жетісу" арнасына сілтеме жасап.

Айтуынша, Елбасының бес иниституционалдық реформасы мен 100 нақты қадам ұлт жоспары - мемлекеттік қызметке үлкен жауапкершілік артады. Сондықтан да бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлық бойынша, кез-келген саланы бақылауға толықтай мүмкіндігіміз бар,- деді өз сөзінде.  Заңдағы жаңа өзгерістерге сәйкес, бұдан былай ешқандай бармақ басты, көз қысты әрекеттерге жол берілмейді. Әсіресе мемлекеттік қызметкерлердің жұмысы -департамент тарапынан қатаң бақыланады. Тіпті бұдан былайғы жерде аудан әкімдерінің көліктеріне GPS қондырғылары орнатылатын болады.

Ал мерекелерге байланысты берілетін үстеме жалақылар тоқтатылып, қосымша жұмысқа бонус төленбек. Сондықтан ауырдың астымен, жеңілдің үстімен жүру түгелдей тиылатынын жеткізді. Жиналыста облыс әкімінің орынбасары және әдеп жөніндегі кеңесшісі Талғат Өмірәлиев пен аудан әкімі Жандарбек Далабаев та өз тараптарынан бұл жаңа заңға қолдау көрсететіндіктерін жеткізді. Отырыста басшыларға сұрақ қойғандар да қанағаттанарлық жауап алды.

СЕРІКБАЙ НҰРҒИСАЕВ  ҚР МҚІМ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ

Халыққа мемлекеттік қызметкерлердің қызмет көрсетуі. Бүгінде біз осы 9 айдың ішінде 7 милионнан астам мемлекеттік қызмет көрсеттік. Халқымыз екі милион. Енді соның сапасы қандай? Дер кезінде алынды ма? Толыққанды алды ма? Пайдасына жарады ма? Енді қалай жұмыс шеңберін кеңейтуіміз керек? Солардың бәрі бүгінгі жоспарда. 

Қатысты Мақалалар