Осы жылдың бірінші тоқсанының өзінде --прокуратура органдарына жеке және заңды тұлғалардан-- 90 мыңнан астам арыз түскен. Осыған орай, республика бас прокурорының орынбасары Андрей Кравченко жер - жерде қоғамдық қабылдау өткізуді бастады, - деп хабарлайды Qamshy.kz "Жетісу" арнасына сілтеме жасап.
Алматы облысына келген іс сапарында 50 ге жуық адамды қабылдады. Олардың дені - соттың шешімімен келіспейтіндер. Оны қайта қарауды сұрайды. Көбі жер қатынастарына, жекенің мүлкін иемденуге қатысты істер. Ішкі істер органдарының, денсаулық сақтау мекемелерінің және тұрғын үй, коммуналдық шаруашылығының қызметіне көңілдері толмайтындығын айтып, шағым білдірген тұрғындар да бар. Андрей Кравченко өзіне келіп түскен барлық өтініштер --қараусыз қалмайтындығын жеткізді. Бұл жұмыс бойынша, жергілікті облыс прокурорларына нақты тапсырмалар берілді. Бұдан былай да мұндай қоғамдық қабылдаулар жиі өткізіліп тұрмақ. Мақсат - мемлекеттік құрылымдардың халыққа қызмет көрсету сапасын арттыра түсу.