"Еңбек - бәрін жеңбек!". Бүгін Оқушылар сарайында осындай тақырыпта Талдықорған қаласының әкімі Бағдат Қарасаев-- қала мектептерінің үздік 11-сынып оқушыларына дәріс оқыды. Әкім сабағына қатарының алды болған 111 оқушы қатысты, - деп хабарлайды Qamshy.kz "Жетісу" арнасына сілтеме жасап.
Оларға шаһар басшысы табысты адам болудың құпиясын айтты. Айтуынша, бүгінде биіктерді бағындыру үшін талант аздық етеді. Адам еңбекқор болса ғана өз арманына жетеді. Танымал спорт және эстрада жұлдыздары, саясаткерлер мен өнер қайраткерлері бүгінгі биігіне -- тек еңбектің арқасында жеткен. Шараға арнайы шақырылған құрметті қонақ - Рио олимпиадасының жүлдегері Карина Горичева да осы сөзді қуаттады. Ол оқушыларға табыс тілеп, арманға жету үшін жан аямай жұмыс істеу керектігін айтты. Сабақтан қыз-жігіттер үлкен әсер алып қайтты.
МАДИЯР ДАНИЯЛОВ ҚАЗАҚ-ТҮРІК ЛИЦЕЙІНІҢ 11-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ
Бүгін біздің қала әкімі естен кетпейтін бір оқиға жасады. Қаламыздағы барлық үздік оқушыларын жинап алды да, бәрімізге жігер беріп, болашағымызға үлкен сенім білдірді. Алдағы болатын емтихандардан өтуге септігін тигізетін ақыл-кеңестерін берді. Өз басым ол кісінің әңгімесінен ең бастысы дарын емес еңбек екенін түсіндім. Еңбек арқылы қоғамда көп жетістікке жетуімізге болады. Өз жетістіктерімізбен елімізге үлкен үлес қосамыз деп ойлаймын.