Оңтүстік Корея президенті халқынан кешірім сұрады

/uploads/thumbnail/20170708152238150_small.jpg
Оңтүстік Кореяның президенті Пак Кын Хе 16 сәуір күні апатқа ұшырап, суға кеткен «Севол» паромында қаза болғандардың туған-туыстарынан кешірім сұрады.

Ел үкіметінің алдында сөз сөйлеген Пак Кын Хе биліктің аталған апаттың алдын алмағаны және тиісті шаралардың дер кезінде жасалмағаны үшін кешірім сұрады. Президент сонымен бірге, шенеуніктер арасында тәртіпті арттыру қажеттігін мәлімдеп, осындай қайғылы оқиғалардың алдын алып, қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жаңа министрлікті құруға ұсыныс жасады. Дүйсенбі күні Оңтүстік Корея Премьер-Министрі Чон Вон Хонның паром жолаушыларының қазасына байланысты үкіметке қарсы айтылған сыннан кейін отставкаға кеткені белгілі болды. Бортында 476 жолаушысы бар паром Оңтүстік Кореяның жағалауында айналдырған екі сағаттың ішінде аударылып, суға батып кеткен. Олардың ішінде негізінен оқушылар мен мұғалімдер болған.

ҚазАқпарат

Қатысты Мақалалар