Астанада Сейітқазы Матаевтың соты өтіп жатыр (Видео)

/uploads/thumbnail/20170709074645781_small.jpg

 Бүгін  Астанада Қазақстан Журналистер одағының басқарма төрағасы Сейітқазы Матаевтың ісі бойынша сот тыңдауы басталды, - деп хабарлайды Qamshy.kz Азаттыққа сілтеме жасап.

Еске салайық, Сейітқазы Матаев  бұған дейін үй қамауына алынған. Оны қоғамдық ақпараттық тапсырысты жүзеге асыру барысында қаражат жымқырды деп айыптауда.
Соттың мәліметінше, Қазақстан журналистер Одағының басшысы, Ұлттық баспасөз клубының президенті бірнеше баптар бойынша айыпталуда: ҚР ҚК-нің 190-бабы, 4-бөлімі, 2-тармағы және 245-бабы, 3-бөлімі бойынша, сондай-ақ  ҚР ҚК-нің (16.07.1997 жылғы редакция) 177-бабының 4-бөлімінің "б" тармағы. Астананың аудандық сотына Сейітқазы Матаевтың ұлы - Әсеттің де ісі жіберілген, оған ҚР ҚК-нің 190-бабының 4-бөлімінің 2-тармағы бойынша айып тағылған.

 

 

Қатысты Мақалалар