Гүлнәр Кәрімова психиатриялық ауруханаға жатқызылды

/uploads/thumbnail/20170709074726032_small.png

Өзбекстан Президенті Ислам Каримовтың қазасынан кейін оның үлкен қызы Гүлнәрдің тағдыры туралы әңгіме қайта қозғалды. Бұл түсінікті де. Себебі әкесінің көзі тірісінде Гүлнәр елдегі ықпалды тұлғалардың бірі саналған. Тек 5 жыл бұрын туындаған халықаралық қаржылық даулардан кейін жолы бөгелген еді.
 
Жоғары лауазымдағы дереккөз Президенттің тұңғыш қызының психиатриялық ауруханаға жатқызылғанын хабарлаған. Себептері айтылмайды. Сондай-ақ оның ұлы Ислам Каримов анасымен байланыса алмай отырған көрінеді,- деп хабарлайды Qamshy.kz  reactor.inform.kz-ке сілтеме жасап. 

Қос Ислам. Гүлнәрдің әкесі мен ұлы. 

Гүлнәр Кәрімова кезінде саясатпен, бизнеспен ғана шектелген жоқ. Сән әлемінде бағын сынап, шоу-бизнесте «Гугуша» лақап атымен белгілі болған-ды. Кейін әкесінің бұйрығымен үйқамаққа алынған. Ал жалғыз сіңілісі Лола Каримова бір сұхбатында әпкесімен 12 жылдан бері араласпайтынын айтқан болатын.    

 

 

Қатысты Мақалалар