Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданының орталығы - Шаян елді мекенінде жыл басынан бері тындырымды тірліктер атқарылып, ауылдың ажары арта түсті. Бұл туралы ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Атап айтқанда, Шаяндағы ұзындығы 6,2 шақырым болатын 15 көше асфальтталып, пайдалануға берілді. Автокөліктерге арналған 6 көше кеңейтіліп, 7 жолға (ұзындығы 3,5 шақырым) жаңадан аяқжол (тротуар) төселді.
Аудан орталығының сәулеттік келбетін жақсарту жұмыстары мұнымен тоқтаған жоқ. Абаттандыру жұмыстарын жүйелі қолға алудың нәтижесінде, көше бойындағы жиек тастар жаңартылып, су ағатын арықтар орнатылды.
Бәйдібектегі орталық көшелер де жаңарған. Онда бүгінге дейін 10 орталық көшенің қақпасы (арка) жаңадан орнатылып, 10 гүлзар бой көтерді.
Мұнан бөлек, мекемелердің алдында автокөліктерге арналған 10 автотұрақ салынды.
Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданының тұрғындары бұл игі іс-шарасына жұмыла іске кіріскен. Тұрғындардың айтуынша, ауданның кгалдандырылып, көркеюі балалар мен келешек ұрпақ үшін өте пайдалы екен. Тұрғындар сол үшін де бқл іске білек сыбана кіріскен. Айтуларынша, бұл үшін ешкім ешкімді мәжбүрлемеген. Тұрғындар жан қалауымен айданның көркеюі үшін барларын салған екен.
Сондай-ақ, аталған елді мекен көшелерін көркейтіп, көгалдандыру жұмыстары да қарқынды жүргізілді. Мәселен, жыл басынан бері аудан орталығының орталық көшелеріне 2 500 түп ағаш отырғызылып, 7 мың дана раушан гүлі мен 13 мың түп гүлді өсімдіктердің түйнектері егілді.