Өңіраралық ынтымақтастықты дамыту бойынша берілген Елбасының тапсырмасын орындау мақсатында алғаш рет Павлодарда Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жәрмеңкесін өткізбек, - деп хабарлады ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының ұйымдастыруымен өтетін жәрмеңке болашақта өңірлер арасында тиімді серіктестік орнатуға ықпалын тигізбек. Жәрмеңкеге оңтүстік аймақтың 15-тен астам ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері қатысады.
Оңтүстікқазақстандық диқандар көкөніс, бау-бақша мен жеміс-жидек өнімдерін жәрмеңкеде нарықтағыдан 20-25 пайыз төмен бағада павлодарлық тұрғындарға саудалайды. Диқаншылардың айтуынша, қойылатын барлық ауыл шаруашылығы өнімдері санаулы сағаттарда сатылады. Бұл ең алдымен, ұсынылатын өнімнің сапасы мен тиімді бағасына байланысты екен.
Оүтістік Қазақстан облысының диқандарының айтуынша, негізгі мақсат пен жоспар бойынша Павлодардағы жәрмеңкеге қойылатын ауылшаруашылық өнімдері әрдайым сұранысқа ие болып отыруы тиіс. Сол себепті шаруалары қазірден алдағы жірмеңге үшін алдын ала қызу дайындыққа кірісіп, күндіз-түні еңбек етудіалға мақсат етіп отыр. Диқандардың айтуынша Солтүстік өңірде ауылшарушылық өнімдерінің некен-саяқ болуына байланысты, бұл өнімдер Павлодарда өте жақсы саудаланбақ екен.
Аталған жәрмеңке Оңтүстік Қазақстан облысы Қазақстан халқын азық-түлікпен, соның ішінде, көкөніс және бақша өнімдерімен қамтамасыз етуде негізгі орталық екенін тағы да дәлелдемек ниетте.