Қ.Тоқаев ЕҚЫҰ Бас хатшысын қабылдады

/uploads/thumbnail/20170708152242950_small.jpg

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Ламберто Заньерді қабылдады, деп  хабарлады ҚР Парламентінің ресми  сайты.

  Сенат Төрағасы Қазақстанның ЕҚЫҰ кеңістігіндегі ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ Ұйымның Парламенттік Ассамблеясы аясындағы үнқатысуға бейімділігін нақтылады.Қ.Тоқаев «Украинадағы шиеленістің шешімін табуда және үнқатысуды қалыптастыруда  ЕҚЫҰ шешуші рөл атқаруы тиіс», - деп атап өтті.Астана мерейтойлық декларациясында мәлімделген Еуразиялық және Еуро-Атлантикалық қауіпсіздік қоғамдастығын қалыптастыру туралы айта келе Төраға «ЕҚЫҰ-ның Астана саммитінің рухын өмірге енгізу керек», - деп атап өтті. Кездесуде сондай-ақ Орталық Азиядағы аймақтық өзара іс-қимыл мәселелері де қозғалды."

"Қамшы"  сілтейді

Қатысты Мақалалар