Дамыған инфрақұрылым - өркениеттің белгісі

/uploads/thumbnail/20170709082217094_small.jpg

ХХІ ғасырдағы жаңа өркениет биігінде қарыштап даму талабы еліміздің инфрақұрылымын барынша өркендету міндеттеріне үлкен жауапкершілік жүктейді. Жол, көпір, теңіз айлақтары мен әуежай сынды мемлекеттік маңызы зор инфрақұрылымды дамыту және пайдалану тетіктерін барынша жетілдіру де қазіргі заман талабы болып табылады.

Еліміздегі инфрақұрылымды дамыту мақсатында  «Нұрлы Жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылддарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылып келеді. Бағдарлама басталғалы уақытта  200 мыңнан астам жұмыс орны ашылып, 11 385 отбасы баспанамен қамтамасыз етілді. Инфрақұрылымдық нысандарды салудағы тауарлардағы, жұмыстардағы және қызметтердегі қазақстандық қамту 80 пайыздан асатын көрсеткішке жетті.

Өткен жылы «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру үшін Ұлттық қордан 770,1 млрд. теңге бөлініп, оның 92 пайызы игерілді.  Ал, биыл Ұлттық қордан 839,9 млрд. теңге бөлінеді. Оның ішінде республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер түрінде 503,4 млрд. теңге және ұлттық холдингтердің облигациялық қарыздары арқылы 336,5 млрд. теңге қарастырылған. Аталған қаржының 99,1 млрд. теңгесі немесе 12 пайызы игеріліпті. Оның ішінде көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту бағыты бойынша 47,2 млрд. теңге, республикалық маңызы бар көлік жолдарын салу және қайта жаңғырту үшін 35,2 млрд. теңге жұмсалған. Ағымдағы жылы шамамен 900 шақырым республикалық маңызы бар көлік жолдарын салу және жаңғырту жоспарланған. Оның ішінде Алматы - Шу учаскесінде екінші теміржол құрылысына 8 млрд. теңге, Құрық портында паромдық өткел салуға 4 млрд. теңге жұмсалмақ. Жылумен, сумен жабдықтау және су тарту жүйесін жаңғыртуға бюджеттік кредиттеу арқылы 16,6 млрд. теңге бөлу жоспарланған.

 Жалпы, 2016-2017 жылдары инженерлік желілердің 1 184 шақырымы, оның ішінде жылумен жабдықтаудың 92 шақырым, сумен жабдықтау жүйесінің 816 шақырым және су тарту жүйесінің 276 шақырымын салу және жаңғырту жоспарда бар.

«Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 11 автожол салынады. Бұл ретте салынған автожолдар облыстардың бip-бipiмeн сауда-саттығын, экономикалық байланыстарын нығайтып қана қоймай, еліміздің әлеуметтік-экономикалық өсуіне, шағын және орта бизнестің дамуына оң ықпал етеді. Ал тасымалдардың көлемі 2,5 есе өседі деп күтілуде. Бұған қоса, қалалар арасындағы көлік қолжетімділігін жақсарту есебінен жалпы өңірлік өнімнің орташа жылдық өсуі 80 млрд. теңгені құрайды. Салынған жолдардың бойында ұлттық стандартқа сәйкес 200-ден астам қызмет көрсету объектілері бой көтеріп, қызмет көрсету саласының дамуына және жол инфрақұрылымын жақсартуға оң әсерін тигізбек. Жалпы, жол құрылысында 30 компания жұмыс атқаруда. Биыл еліміздегі барлық жолдардың құрылысына, соның ішінде «Нұрлы Жол» аясында салынып жатқан жобалардың құрылысына 100 мың адам жұмысқа тартылады.   

Қатысты Мақалалар