Қазақстандағы Ұлы Жібек жолын қайта жаңғыруы Азияның даму ғасырында маңызды рөл атқаратын болады, деді Елбасы.
Астанада өткен Азиялық даму банкінің отырысында ҚР Президенті Н.Назарбаев «Батыс Еуропа- Батыс Қытай жолы 2050 жылға дейін ел территориясындағы транзиттік тасымалды 10 есеге дейін ұлғайтатын «Қазақстан- жаңа Жібек жолы» жобасының бір бөлігі екенін айтты.
Елбасының сөзіне қарағанда, 1500 км созылатын темір жол келесі жылы Қытай мен Каспий, одан әрі қарай Түрікменстан мен Иран, Парсы бұғазына дейін жалғасатын болады. «Ұлы Жібек жолынығ қайта жаңғыртылуы бағыттардағы саяси тұрақтылық пен бейбітшілікті қамтамасыз ететін болады», деді өз сөзінде.
Пікір қалдыру