Парламент Мәжілісінің депутаты Азамат Әбілдаев «Ақ Жол» ҚДП атынан Жамбыл және Алматы облыстарының өңірлерінде сайлаушылармен кездесулер өткізуде.
Халық қалаулысы іс сапарын Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының әкімімен бірге аудандағы жаңа спорт кешенінің ашылуына қатысумен бастады. Сол күні А. Әбілдаев«Ауыл шаруашылық көрмесіне» және «Ауыз су» бағдарламасы аясында жаңадан салынған объектіге болып, халық алдында сөз сөйледі.
Кездесу барысында Президент Жолдауының басым бағыттары мен Палатаның заң шығару жұмыстарымен және «Ақ Жол» ҚДП атқарып жатқан істерінен хабардар етті.
Депутат әлеуметтік қамтамасыз ету, халықты еңбекпен қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы мен орта және шағын кәсіпкерлікті өркендету мәселелеріне назар аударып, аудан тұрғындарының қойған сұрақтарына жауап беріп, пікір алмасты.
Өз кезегінде аудан әкімі басқарып отырған ауданда атқарылып жатқан жұмыстарына тоқталып, болашақ жоспарлары және өзге де өзекті мәселелер жайлы мәлімдеді. 3 мамыр күніхалық қалаулысыМойынқұм ауданының жайылымдық учаскелерінде болып, сонымен бірге Құмөзектегі «Мойынқұм агроөнеркәсіптік кешеніне» барды. Бүгін депутаттың жұмысы Алматы облысы Жамбыл ауданында сайлаушылармен кездесуге ұласады.
parlam.kz
Пікір қалдыру