Алматы облысы Жамбыл ауданындағы қанды қылмысқа қатысы бар делінген екі күдікті тергеу кезінде темір тордың арғы жағында отыратын болды, - деп хабарлайды Qamshy.kz.
ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-тармағымен қозғалған қылмыстық іс бойынша екі күдіктіні 24 қарашаға дейін қамауда ұстау туралы шешімді Алматы облысы Жамбыл аудандық соты шығарды.
Естеріңізге салсақ, Ұзынағаштағы қанды оқиғаға байланысты екі күдікті тұтқындалған болатын.