Көрерменнің әбден мезісін қашырған топқа тоқталмасқа амал жоқ. Бұған дейін, ел ағаларынан бастап, тек наразылық естіген топтың нағыз жанашыры пайда болған. Алтынбек Қоразбаев жұрт жек көретін топты жақтап жүр. Ал шәкірттері көкелерінің бұл әрекетін түсінер емес,- деп хабарлайды Qamshy.kz Жұлдыздар әлемі сайтына сілтеме жасап.
– Сырға тағу несі бар. Сырға тақса кезінде біздің батырларымыз да сырға таққан. Менің мына оң құлағым тесік мінеки. Кішкентай кезінде менің өзім әпкем, туған әпкем, мені ұзақ жасасын. Мен ең кенжесімін. Сырға таққан маған. Мен ол сырғаны төртінші сыныпқа келгенде алып тастадым. Ештеңе жоқ. Сен мынаны құрт, мынаны жоқ қылып жібер деген нәрсе ол болмайды. Айтсын. Еуропадан үйлесіп. Қалып қоюға болмайды еш уақытта. Айтып отырмын ғой, өмір өзен енді ағып отырған. Өмір өзенннен қалып қоймай бірге ағу керек – дейді атақты композитор.