Солтүстік өңірде 279 өрт болған

/uploads/thumbnail/20170708152320521_small.jpg

Солтүстік Қазақстан облысында бір аптада 30 өрт оқиғасы тіркелген. Жалпы, жыл басынан бері өңірде 279 өрт орын алып, 27 млн теңгеге материалдық шығын келтірілген. Тілсіз жаудан 21 адам қаза тапқан, оның төртеуі бала. 15 азамат түрлі күйік деңгейімен ауруханаға түсіпті. Мұндай деректерді СҚО ТЖД баспасөз қызметі келтіріп отыр.

Төтенше жағдайлар қызметкерлерінің ақпары бойынша, Тайыншы ауданының Келлер ауылында өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамағаннан газ құрылғысын пайдаланған кезде газ ауа аралас қоспа жарылып, ол тұрғын үйдің жануына әкелген. Анықталғаны, асханада пештің қасында газ балоны орналасқан екен.

«Газ ауа аралас қоспа жарылып, ол тұрғын үйдің жануына әкелді. Бұл кезде үй иесі кіре берісте телефонмен сөйлесіп отырған, ал, әйелі аулада болған. От ер азаматтың үстіне түсіп, киімі жанған. Лаулаған от үй мүлкін бүлдіріп, терезелерді сындырған. 53 жастағы үй иесі 50% дене күйігімен орталық аудандық аурухананың жан сақтау бөліміне жеткізілді», - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Осы тектес оқиға М.Жұмабаев ауданының Полудино ауылында да орын алған. Мұнда қызыл жалынның шарпуынан үй түгел жанып кеткен. «Абайсызда шылым шегу 75 жастағы петропавлдық қарияның өліміне әкеп соқты. Түн жарымда бес қабатты үйдің екіші қабаты өртенген. Өрт аумағы 2 шаршы метр болғанымен, салдарында үй иесі қаза болған» делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Қызылжар ауданы Кондратовка ауылында да өрт тұтанып, үш және төрт жастағы екі сәби газдан уланған.

Өткен аптада пішен өртеніп, облыс орталығына өрт сөндірушілер 95 рет шыққан.

baq.kz

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар