Қазақстан өмір сүруге қолайсыз елдер қатарында

/uploads/thumbnail/20170708152320841_small.jpg

Қазақстан өмір сүру ұзақтығы бойынша 150-орында.

АҚШ-тың Орталық барлау басқармасы (ОББ)  2014 жылға арналған орташа өмір сүру жасының ұзақтығы бойынша рейтингін жариялады. 223 елдің ішінде Монако көш бастап тұр. Орташа көрсеткіш - 89,57 жас. Екінші орын - Макао және үшінші - Жапония. Ондықты Австралия аяқтап тұр - елдегі орташа өмір сүру жасы - 82,07 жас.

ТМД елдерінен ең ұзақ жасайтындар Грузияда екен - 75,72 жас. Қазақстан бұл тізімде 150-орында. Орташа өмір сүру ұзақтығы - 70,24. Рейтинг бойынша еліміз Ресей, Қырғызстан мен Украинадан алда тұр. Ұзақ өмір сүру үшін қолайсыз елдердің қатарына Оңтүстік Африка мен Чад елдері енген. Ондағы адамдардың орташа өмір сүру жасы - 49-50 жас.

ҚазАқпарат

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар