Шымкент қаласы бойынша жеке тұрғын үй құрылысына жер телімдерін алуға ниет білдірген 75 550-ге жуық азамат кезекте тұр, - деп хабарлайды Qamshy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Жылдың соңына дейін кезекте тұрған 500-ге жуық азаматтарға жер учаскелерін Солтүстік саяжай тұрғын алабынан беру көзделуде. Кезекте тұрған азаматтарға Республикалық бюджеттен қаржы қарастыру бойынша қала әкімдігі тарапынан ОҚО Жер қатынастары басқармасына хат жолданған болатын»,-деп атап өтілген әкімдік мәліметінде.
Сонымен қатар, Жер қатынастары бөлімінің мамандары 2017 жылдан бастап кезекте тұрған азаматтарға жер учаскелері қаланың Оңтүстік-шығыс, Батыс бөліктерінен бөлінуі мүмкіндіктері қарастырылатынын атап өткен.
Атап айтқанда, елімізде Шымкент үшінші мегаполис. Сол себепті, шаһардағы құрылыс та қарқынды жүргізілуде.