Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Павлодар қаласына барды, - деп хабарлайды Qamshy.kz Ақорда сайтына сілтеме жасап.
Жұмыс сапары барысында Елбасы бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, аймақтағы ауылшаруашылығы, көлік саласының жұмысымен танысады, өңір жұртшылығымен кездеседі деп жоспарлануда.