Павлодардағы фармацевтикалық кәсіпорын жұмысшылары аштық жариялады

/uploads/thumbnail/20170709092301615_small.jpg

Бүгін мемлекет басшысы жұмыс сапарымен барған Павлодарда «Ромат» фармацевтикалық кәсіпорнының 35 жұмыскері мерзімсіз аштық жариялады, - деп хабарлайды Qamshy.kz exclusive.kz – ке сілтеме жасап. 

Осы күнге дейін облыстың мақтанышы болып келген компания біраз уақыттан бері қаржылық қиындыққа ұрынған көрінеді. Қазір кәсіпорынның есеп шоттары тоқтатылып, қызметкерлер саны екі есеге қысқартылған, салық органдары түрлі санкциялар қолдануда.

Кәсіпорын менеджерлері болса кредитор Центркредит банкімен арадағы түсінбеушілікті белгілі-бір топтар пайдаланып отырғанын айтқан. Мұны аталған даулы жағдайға басында жергілікті билік органдарының араласып, кейін сырттап кетуі де растай түскендей.

Жақында елдің инвестициядар және даму жөніндегі вице-министрі Альберт Рау, Жоғарғы сот, Бас прокуратура, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму, қарды министрліктері мен өзге де мемлекеттік органдар өкілдері де компанияның мәселесіне араласып, дауласушы тараптарды татуластыруға тырысқан. Алайда, компанияның қарыздарын жабуға дайын жаңа инвестор табылғанымен мәселенің оң шешілетін түрі байқалмаған. 

Қатысты Мақалалар