Қазақстанда Анджелина Джолидің қатысуымен «Disney» студиясымен түсірілген «Ұйқыдағы ару» фильмінің жаңа нұсқасы қазақ тілінде көрсетіледі, деп хабарлайды «Меломан» порталы.
Disney студиясының «Малефисента» фильмінің Қазақстандағы көрсетілімі 2014 жылдың 29 мамырында басталады. Бұл ескі «Ұйқыдағы ару» фильмінің жаңа нұсқасы. Ондағы оқиғаның желісін зұлым мыстан (Анджелина Джоли) әңгімелейді. Онда көрермендер эпикалық қақтығыстарға толы сиқырлы әлемге сапар шегеді.
«Малефисента» 2014 жылы Голливудтағы студияның қазақ тіліне аударылған екінші фильмі болмақ. Қазақ тіліндегі дубляжды «Болашақ» қауымдастығы мен MARWIN компаниясы, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның қаржыландыруымен жасады.
Аударма Алматыдағы Cinema Tone Production студиясында жасалып отыр.
«Малефисентаны» тәржімалауға жалпы саны 20 актер қатысқан. Атақты Голливуд актрисасы Анджелина Джолидің дауысын Гүлнәз Әуесбаева салды.
ҚазАқпарат