Георгиялық лентаға қатысты дау-дамайға ермеңіздер. Қол көтеріп, ұлардай шулағанның еш қайыры жоқ. Арандату жүріп жатқанын ұмытпағайсыздар. Дүрлікпе. Абайла. Ойлан.
Бастысы өзің тақпа. Отбасыңа айт. Бір күнде түбегейлі өзгеріс жасау мүмкін де емес.
Отаныңа деген махаббатты бір лентаға байлап қоя алмайсың. Махаббат - жүректе, істе. Өзіңіз де білесіз.
Лентаға теліп қойған сүйіспеншілігің ертең-ақ аяқ астында қалады. Ал жүректегі махаббаттың иесі өзің. Яғни бәрі де өзіңе байланысты. Әуелі өзің түзел, бойыңдағы бір тілім еттің жайына үңіл!