Тапқыр да талапты қазақ

/uploads/thumbnail/20170708152335763_small.jpg

 Сыламбек Ахметқалиұлы 1956 жылы 16-шілдеде Санжы қаласы Ашылы ауылының Қосбұлақ жайлауында малшы отбасында дүниеге келеді. Ол бастауыш пен орта мектепті өз ауылында оқығаннан кейін 1976 жылы туған облысының Құтыби ауданы Шорго педагогикалық училищесіне түсіп, оны екі жыл оқып бітіргеннен кейін мұғалімдік қадамын Моргу малфермасы мектебінде бастаған. Ол қазірге дейін осы ұстаздық жұмысымен айналысып келеді. Міне, ұстаз болған 33 жыл ішінде ол мектеп директоры, жұмысшылар ұйымы жетекшісі қатарлы әкімшілік қызметтерде қосымша істеуден бөлек оқушыларға шеберхана ісінде оқытудың алдыңғы шебінде. Балаларды тәрбиелеу бағбаны іспетті. Қазір Санжы қалалық №2 ортамектептің жоғары дәрежелі оқытушысы.

         Ол орталау мектептің жаратылыстану пәндерінің оқытатын тіректі оқытушы болып, автономиялық үкімет жағынан 7 рет, Санжы қалалық әкімдігі жағынан 3 рет, Санжы қалалық Білім басқармасы жағынан 13 рет марапатталады. Ол ШҰАР «Даңқты 30 жыл» алтын медалының иегері. Бұларға қоса облыстық дәрежелі үздік кәсіптік-техникалық қызметкер, Санжы қаласының үздік дарынды ғылыми қызметкері атағының иегері.

           Сыламбек мұғалім – «Қытай ғалымдары» атты жинақтың бір кейіпкері. Мұны білгіңіз келсе, осы кітаптың 520-бетін оқып көріңіз. «Қытайдағы әйгілі адамдар» ақылия сөздігінің 90 және 529 беттерінде оның «Өмірдің мәні – өскен сана, өзгеден озамын десең, өзіңнің мініңді біл» деген секілді ой-пікірлері ханзуша жазылған.

           С.Ахметқалиұлы ұзақ уақыттық ұстаздық өмір тәжірибесінен бала тәрбиесі жөнінде туындаған «Ұрпақ – ұлттың келешегі» атты кітабы нәрестенің шыр етіп жарық дүние есігін ашқаннан бастап,  15 жасқа дейінгі білім-тәрбиесі туралы баяндайды. Оның бұл ғылыми еңбегі 2004 жылы Шыңжаң халық баспасында басылып, ата-аналардың игілігіне айналады. Халықтың мұқтажын өтеді.

            Оның екінші бір еңбегі – дәрісханада сабақ өту барысында «Математикалық білімдердің балалардың ойыны мен байланысы» атты жинағы мектеп оқулығы болып құрастырылып, пайдалануға берілді. Көшпенді Шыңжаң қазақтарының қоныстанып, іргесін бекітіп, отырақшылдық дамуға бет алған бүгінгі күнгі  нақтылы тұрмыс қажеті өтеу үшін ол ұжымның қолдап-қуаттауымен 3.2 му (5 сотық) тәжірибе атызын алып, 15 жыл бойы көкөніс және жеміс көшеттерін егу жұмыстарын жүргізеді. Сөйтіп, ол осы он бес жылғы ісжүзіндік ғылыми тәжірбесін егінші, малшылардың оқулығы ретінде қандастарының пайдалануына ұсынады.

            Тұрмыс – адам өміріндегі басты жанбағыс көзі. Сондықтан да Сыламбек мұғалімнің тұрмыстық білімдер туралы – егіншілік, бағбаншылық, аспаздық, тігіншілік, шаштаразылық, тоқымашылыққа қатысты көптеген зерттеу мақалалары өлкелік дәрежелі газет-журналдарда жарияланады. Ол ұлтымыздың мәдени мұраларын игеру жолында да көптеген материалдар жинап, кәдеге асырып отыр.

          Бұл күндері Сыламбек мұғалім егінші, малшыларға диханшылық туралы арнаулы сабап беру және іс жүзінде тәжірибе жасап көрсетуден бір жалыққан емес. Ол шәкірттеріне суретке түсіру, электронды альбом жасау технологиясын да шәкіртеріне үйретумен келеді.

           Осы ретте С.Ахметқалиұлының тікелей қол жеткізген нәтижелеріне көз жіберер болсақ, ол өзінің ұстаздық мамандығын сүйіп, тынбай іздену, зерттеу нәтижесінде өз ұлты қажетіне көп кесек туындыларды жаратып, ұсынып отыр.  Атап айтқанда, мемлекеттік патент мекемесі жағынан 5 түрлі ғылыми еңбегі мемлекеттік көлемде мойындалып, ел игілігіне айналды.

             Ол баласы Қайратбек Сыламбекұлы екеуі ойлап тапқан «Жауап қайтаруға қолайлы табақша». ZL:98209804.9 нөмірлі мемлекеттік меншік құғынын иеленіп отыр. Шәкірті Әділет екеуі ойлап тапқан «Сарымай айыру машинасы» ZL: 01269597.0 нөмірлі мемлекеттік меншік құқығын, ал баласы Қ.Сламбекұлы екеуі ойлап тапқан «Ортақ қолданылатын сабақ кестесі» ZL:200420000585.9  нөмірлі мемлекеттік меншік құқығын алған.

         Жеке өзі ойлап тапқан «Көп түрлі қолданылатын табақ үстелі» ZL:200820006994.8 мемлекеттік меншік табыс құқыған алса, ал «Дәрі бүркіп ұқалау» аспабы мемлекеттік патент құқығына ұсынылып отыр екен.

           Біз С.Ахметқалиұлынан басты бір жаңалығы – тамақ үстелінің ерекшелігін айтып беруді өтінгенімізде ол төменгіні айтты:

– Бұл тамақ үстелі ұлтымыздың озық дәстүрін кейінгі ұрпақтарға жеткізу мақсатында жасалды. Мұның өзі ұлтымыздың мәдени мұраларының ғылыми өреге көтерілгенінің де белгісі. Үстел құрылымы жағынан қарапайым, биіктігі 0.38 см. Отбасыңыздың төрінде малдасыңызды құрып отырып тамақтануға болады. Егер қалауыңызша биіктету қажет болып жатса, үстелдің астындағы жылжымалы сирағы көтеріліп, 0.80 см -ге дейін бойын өсіреді. Үстелдің үстінгі беті әйнектен жасалған, осы әйнек астына орналасқан жылжымалы 12 тарелкеден өзіңіз қалаған тағамды орныңызда отырып-ақ таңдап аласыз. Үстел еркін айналып тұрады. Үстел ортасында тұрақты қондырғысы бар Тамағыңыз салқындап қалса, соған жылытып жеуіңізге болады.

           Үстел бір қарағанға біреу болып көрінгенімен, пайдалану барысында екі үстелге айналып, бес түрлі биіктікке өзгереді. Үстел беті өз алдына 0.38 см биіктіктегі үстелге айналып, дойбы, шахмат, тоғыз құмалақ сияқты ойын түрлеріне арналғаны көрінеді. Үстелге материалы қарапайым, жасалуы мықты әрі жеңіл, көрінісі көркем, ұлтымыздың ою өрнектері мен әшекейімен безендірілген. Маркасындағы ою-өрнегі қазақ ұлтының өмірімен біте қайнасқан озық мәдениеттің символы есепті. Үстел кіндігіндегі маркадан жыл қайыру көрсеткіші арқылы қай жылы туылғаныңызды көре аласыз.

           Бұл үстелдің алғашқы нұсқасы базарға шыққаннан алармандардың қызу қолдауына ие болды және базардан ойып орын алып отыр.

–       Сіз осы үстеліңдің бір данасын Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына

арнап жасапсыз. Сол турала айта кетсеңіз?

–         Мен бір қазақ диаспорасы өкілі болғандықтан өзім ойлап тапқан ас

үстелімді тәуелсіз еліміздің 20 жасқа толған мерейтойына арнап жасаған болатынмын. үшін жасаған болатынмын.пекшімін. Ас үстелі де ұлтымыздың еншісі бөлінбеген дастарханы іспетті екендігі бәрімізге белгілі. Осы дастарханымызға ырыс-береке қонақтасын. Тәуелсіздіктің көк туы астындағы еркін тұрмысымыз – ортақ мақтанышымыз, ұлы бақытымыз. Іске асқан асыл арманымыз баянды бола берсін!

Ұлтымыз әрқашан “7”санын қастерлеген. Сондықтан өзім ойлап тапқан ас үстеліне мынадай 7 түрлі мән беруге тырыстым:

 1-Жобаланған ас үстелі – дөңгелек, диаметрі 100 см, ол «ғасыр» деген мағынаны білдіреді. Бұл арқылы ұлтымыз ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздігіміздің іске асқанын меңземек болдым.

 2-Ас үстелінің аты – «Жолаушы үстелі». Бұл арқылы қазағымыз өмір сапарында өнер-білімнің биігінен көрініп, тәуелсіздіктің көк туы астындағы тыныс-тіршілігін бақытты сейіл-серуенмен өткізсе деген тілекті бейнелемекші болдым.

3-Үстелге жылжымалы 12 тәрелке орналасқан, олар біздің қазақ үшін киелі де келелі он екі айға уәклдік етеді.

4-Үстелдегі тәрелкелердің диаметрі 16 см, бұнымен 16 желтоқсан күнінен бастау алған Тәуелсіздігіміздің кейінгі өмірі  мәнді де сәнді өтіп жатыр дегенді меңземекпін.

5-Үстелге айланбалы шеңберлер орналастырылған. Әр екі шеңбердің аралғы 20 см, осы арқылы тәуелсіздігіміздің 20 жылдығын бейнелеп, әрі дәуір құрдастары болып саналатын ұрпақтарымыздың береке-бірлікті, іргелі дамуды өз іс-әрекетінің бағдары етіп, болашақтағы еркін тарихымыздың шеңберін өздері үлгі болып айналдырса деген тілегімді білдірмекпін.

6-Ас үстелінің 4 сирағы– тәуелсіздіктің көк туы астына төрткіл дүниенің төрт төңірегінен жиналып жатқан қандастарымыз тәуелсіз елімізде отандастарымызбен бірге бай да, бақытты да бейқұт ғұмыр кешсе деген тілегімді білдіреді.

7-Үстелдің орталығындағы жылжымалы шаршының диаметрі – 7 см, оны ұлтымыздың жеті санын бақытқа, байлыққа, тыныштыққа, береке-бірлікке, адалдыққа, пәктікке балайтын тамаша дәстүріне бағыштап жобалаған едім.

Сыламбек әңгімесін осындай түйіндеді.

Біз оның бұдан кейін де жаңалық аша беруіне тілектеспіз.

 Әлімжан ӘШІМҰЛЫ

 

Қатысты Мақалалар