Шарж әмірлігінде өткен «Мұра күндері» фестиваліне 37 елдің қолөнер шеберлері жиналды. Осы айтуылы шарада атыраулық зергер Болат Атыраубаев қазақтың зергерлік бұйымдарын таныстырды. Оның қолынан шыққан бұйымдарын әмірліктің шейхы шығыс мұражайына қою үшін сатып алды.
Фестивальге күллі ислам өркениетінің өнері көрсетілді. Көрмеге түрлі кілемдер, алтын зерлі жібек киімдер, тұрмыстық қажеттіліктер, асыл тасты қанжарлар, алтын және күміс зергерлік бұйымдар, сондай-ақ әр халықтың фольклоры мен тағам әзірлеу шеберлігі, заманауи сән үлгілері қойылды. Шараға Қазақстаннан ақтөбелік зергер Болат Атыраубаев пен шымкенттік кілем тоқушы Гүлмира Бегәлиева қатысты.
Фестивальге арнайы келген Шарж билеушісі шейх Султан Аль Кассими барлық елдердің павильондарын аралап, әр елдің ұлттық салт-дәстүрінен сыр шертетін бұйымдарын Шығыс және Азия халықтары мұражайы үшін сатып алды. Ол ақтөбелік зергерден шолпы, құдағи жүзік, бес білезік және бірнеше сақиналар сатып алған.
"ҚазАқпарат"