Алла берген азаттықтан айырылғалы тұрмыз

/uploads/thumbnail/20170708152338821_small.jpg

БҮГІНГІ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫ ТӘУЕЛСІЗДІККЕ САЙ ХАЛЫҚ ЕМЕС!

Сәуірдің аяғында Алматы қаласының "Ақсақалдар Алқасы" аға буынның Еліміздің Еуразиялық Одаққа кіруіне қарсы екенін халыққа Үндеу арқылы жариялап, ҚР Президенті Н.Назарбаев пен Премьер-министр К.Мәсімовтан бұл Одаққа қол қоюдан бас тартып, 1 мамырға дейін халыққа сол туралы жариялауы туралы талап қойды.

Ол Үндеуде ҚР Бас Прокуроры А.Дауылбаевтың билік режимінің Тәуелсіздігімізді жоғалтуға апаратын бұл қадамына заң тұрғысынан баға беруге тікелей жауапкершілігі де айтылған.

Үндеуде бірнеше мәселе қамтылған болатын; 1. Еуразиялық Одаққа кірудің Қазақ халқы үшін зардаптары және бүгінгі жағдайда оған кіру мүмкін еместігі туралы 2. 1 мамырда бүкіл Республика халқының бірлігін көрсетіп, алаңдарға шығуы (бұл Украинада болып жатқан жағдайларға да байланысты) 3. Билік ЕАО қол қоюдан бас тартпаса 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні АЗАТТЫҒЫМЫЗДЫ қорғап алаңдарға шығу.

Ундеу "ДАТ - Общественная позиция" газетінде(тираж 30 мың дана), Фейсбукте (достарымның өзі 4031 адам) толық мәтінінде шықты.Өкінішке орай, "Азаттық Радиосы" Үндеудің мәнісін толық түсінген жоқ, немесе түсінбеген болды, өйткені Үндеудің негізгі идеясы көрінбеді.

"Ашық Алаң-Трибуна" газетінде, "Матрица.кз" сайтында жоғарыда көрсетілген 2 және 3 мәселе қысқартылып басылып, шын мәнінде Үндеудің негізгі мәнін жоғалтып басты.

Үндеудегі басты ұсыныс халықтың пікірін, ойын білдіруге мүмкіндік беретін екі мейрамды пайдалануға ұсыныс айтылған болатын. Бұл мәселеге митинг өкізуге биліктің мамырдың ішінде ещқандай мүмкіндік бермейтіні айдан анық еді. Ал, билік (қай Елде болмаса да) алаңдарға шығып бірлігін, көпшілігін, яғни- күшін көрсетсе ғана мойндайтынын қай тарихтан болса да белгілі. Жүз форум, мың жиналыс өткізсеңіз де оған біздің билік түкіріп қойған! Өкінішке оай біздің оппозициядағы азаматтар сол форум, жиналыспен парызымызды орындадық дейтін сияқты... Оның нақты нәтижесі бар ма, жоқ па, оған қарап жатқан жоқ.

Ақсақалдар Алқасы осыны халық, зиялы қауым түсінер деген үмітте болып еді, бірақ, бүгінгі күнгі жағдай ел ағаларының сол үміті судай шайылғанын көрсетіп отыр.

Осы Фейсбукте отырған небір данышпан, білімпаз, қахармандардың да (Керекудегі Руза қарындасымнан басқа) жарты күн демалысын Қазақ Елінің болашағы үшін бөлуге ниеті болмапты.

Ақсақалдар Алқасы "ДАТ" газетінің негізгі тиражы Алматыға тараған соң көпшілікті ұйымдастырумен айналысқан жоқ.

Бірақ, Тәуелсіздік ескертішінің алдына жан келмеуі (бізден басқа) біздің, шынында АЗАТ ЕЛ болуға құқымыз жоқ екенін көрсетеді. Украинаның Харьков, Одесса қалаларында өмірлеріне қауіпті болса да Отаны үшін, Тәуелсіздігі, Елінің біртұтастығы үшін халық алаңдарға шығып жатыр.

Оның қасында біздің мына тірлігіміз, бір жазушының - "құлдан құл туады" - деген сөздің шын екенін көрсетеді... Ренжімеңіздер, Ағайындар, бірақ, ащы шындық осы! Алланың қазақ үшін берген 20-сыншы ғасырда берген ең үлкен сыйы АЗАТТЫҚтан ел аман, жұрт тынышта айрылайық деп тұрмыз.

Бұл қылмысқа сатқын, имансыз билікпен бірге біз де кінәліміз!

Болашақ ұрпақ бұл қылмысымызды ешқашан кешірмейді!

Серік Сапарғали

ФБ парақшасынан алынды

Қатысты Мақалалар