Ертең елге РФ президенті В. Путин келеді. Бүгін Орынбор облысында жұмыс сапарымен жүрген ол Қазақстанға не үшін келе жатыр?
Президент В. Путиннің баспасөз қызметі екі ел президенті Еуразиялық экономикалық одақ, басқа да ұйымдар аясындағы қарым-қатынас жайын сөз етіп, Ресей мен Қазақстанның ХІІІ аймақаралық әріптестік форумының жұмысына қатысатынын хабарлады. Қазақстанмен сауда-экономикалық байланыс орнатқан Орынбор кәсіпкерлерімен кездесіп жүргеніне қарағанда бұл сапар шынымен де екі елдің арасындағы экономикалық байланыстарына арналатын сияқты. Оның үстіне Ресей мен Қазақстан арасындағы сауда-саттықта бірқатар проблемалардың жоқ еместігі де белгілі.
Бұған дейін екі ел басшылары 16 қыркүйекте Бішкекте өткен ТМД мемлекеттері басшыларының жиынында жүздескен болатын.