Алматыға жақын маңда жер сілкінді

/uploads/thumbnail/20170708152355312_small.jpg

Алматы облысында магнитудасы 3,9 жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Білім және білім министрлігіне қарасты Ғылым комитетінің сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясына сілтеме жасай отырып.

Жер асты дүмпуі 12 мамырда Астана уақыты бойынша 05.15-те тіркелген. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 233 шақырым жерде, жер асты дүмпуінің ошағы 15 шақырым тереңдікте белгіленді. Зардап шеккендер, қираған үйлер туралы ақпарат түспеді.

Естеріңізге сала кететейік, 11 мамыр күні Астана уақыты бойынша 11.29-да Алматы облысында магнитудасы 3,9-ға тең тағы бір жер сілкінісі тіркелген болатын. Жер сілкінісінің эпицентірі Алматыдан солтүстікке қарай 68 шақырым жерде орналасқан еді.

.tengrinews.kz

Қатысты Мақалалар