Белгілі ақын, журналист, Қазақстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ұлықбек Есдәулет 14 мамыр күні шығармашылық кешін өткізеді. Кеш ақынның 60 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылмақ. Кеш қонақтары туралы ақын: "Шығармашылық кешіме Секен Тұрысбеков, Мақпал Жүнісова, Алтынбек Қоразбаев, Лена Әбдіхалықова, Меруерт Түсіпбаева, Айтгүл, Қанат Құдайбергеновтер, Нұргүл Қабдоллаева, т.б. келіп, өнер көрсетпекші. Негізінен менің өлеңдеріме жазылған әндер орындалады. Өлең оқылады. Есік ашық" деп жазды facebook парақшасында.