Интернет-конференция: Расул Жұмалы

/uploads/thumbnail/20170708152402922_small.jpg

   Соңғы уақыттағы еліміздегі және әлемдегі қоғамдық-саяси  жайттар ұлттық және  мемлекеттік таным тұрғысынан баға беруді, түсіндіруді қажет етеді. Мәселен, алдағы уақытта ресми түрде құрылатын Еуразиялық Одақ, Қазақстанның ДСҰ-на кіру-кірмеуі, еліміздің ақпараттық кеңістігіндегі қысымдар, Ресей ұлтшылдарының Қазақстанға қайта- қайта шүйлігуі т.б. мәселелер көп. Осы және өзге де мәселелерді өзек ете отырып,  "Қамшы" порталының интернет-конференциясына белгілі саясаттанушы Расул Жұмалыны шақырып отырмыз. 

 Расул Берекетұлы Жұмалы  1971 жылы 15 ақпанда Алматы қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің Шығыстану факультетін бітірген. 1992-2007 жылдар аралығында мемлекеттік қызметте: Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде және Үкіметінде, сондай-ақ Мысыр, Біріккен Араб Әмірліктері, Израиль, Ливия, бірқатар басқа мемлекеттерде жұмыс атқарған. 2007 жылдан бері «Эксклюзив» журналының бас редакторы. 150-ге тарта мақалалары мен сараптамалық еңбектері жарық көрді. «Геополитика Центральной Азии. О былом и насущном» атты кітаптың авторы.

Құрметті,  оқырман! Расул Жұмалы мырзаға қояр сұрақ, айтар ұсыныстарыңыз болса, мархабат! 

Қатысты Мақалалар