Болат Нәукенұлы: Ұлттық ойлау қабілетін жоғалтпаған қандастарға сүйенемін!

/uploads/thumbnail/20170708152402283_small.jpg

Болат Нәукенұлы ҰЛТТЫҚ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІН ЖОҒАЛТПАҒАН ҚАНДАСТАРҒА СҮЙІНЕМІН... Миллиардтан аса қытай, миллиондаған орыс, мыңдаған мұңғыл сияқты басқа халықтардың ішінде жүріп, тағдырдың тәлкегіне төзген, ата-АУЫЛ-руға топтасудың арқасында ғана ТІЛІН, ӘДЕТ-ҒҰРПЫН, САЛТ-ДӘСТҮРІН, ДІНІН сақтап, Ата жұртқа көшіп келген қандастарымызды көргенде, мен ҚАЗАҚ болғаныма мақтанып, сүйінемін. Бірақ, өз елінде, қалың қазақтың ішінде, қазақ тілін біле тұра өзара өзге тілде сөйлесіп, ұлттық ойлау қабілетінен айырылған қазақтарды көргенде, мен қазақ болғаныма ұялып, күйінемін. 16 миллион біртұтас халықтың ішінен мемлекеттік тілді білетін, ұлттық ойлау қабілеті жоғары, Еліміздің тарихын, салт-дәстүрін,әдет-ғұрпын, мәдениетін жақсы білетін тәрбиелі-білімді мың азаматты, Парламент пен Үкіметте жұмыс істеуге, іріктеп ала алмайтын азаматтық қоғамымыздың 65 пайызы қазақтар екенін ойлағанда, мен қазақ болғаныма ұялып, күйінемін.

Қатысты Мақалалар