Астана қаласындағы Орынбор көшесінің атын өзгерту керек

/uploads/thumbnail/20170708152410061_small.jpg

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутаттар палата бюросы ұсынған бірқатар заң жобаларын талқылады. Отырыс соңына қарай өздерінің сауалдарын Үкіметке жолдаған халық қалауларының бірі - Оңалсын Жұмабеков осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды БАҚ.kz

Оңалсын Жұмабеков өз сөзінде: "Менің сауалым  Премьер-мининстр Кәрім Мәсімовке бағытталады. Еліміздің бас қаласы Астанадағы Есілдің ол жағалауына жаңадан үйлер салына бастаған кезде, мұндағы бірнеше көшелерге ескі қалалардың атауы берлді. Олар: Түркістан, Сарайшық, Сауран, Сығанақ, Ақмешіт және Орынбор көшелері. Тарихи тұрғыдан қарағанда бұл өте орынды шешім. Ал енді бүгінгі таңда Орынбор қаласы басқа мемлекеттің, Ресей Федерациясының көптеген облыс орталықтарының бірі. Бүгінде елордамыз Астанада екі бірдей бас көшелер қалыптасқан. Олар – Қазақ Елі монументі орналасқан Тәуелсіздік даңғылы мен жоғарыда аталған Орынбор көшесі. Соңғы көшеде министрліктер үйі, Бас прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік комитеті орналасқан. Көше тікелей Астана әуежайына шығады. Көптеген шет елдік ресми делегациялар да осы көшемен жүреді. Ең бастысы – бұл көшеде Республика Президенті, Ұлт көшбасшысының бастамасымен тұрғызылған «Мәңгілік Ел» салтанат қақпасы орналасқан. Бұл қақпаның мұнда орналасуының өзіндік символикалық мәні бар. Ол халқымыздың мәңгілік болашағын, мәңгілік мұраттары мен мәңгілік елордасы мен мәңгілік Тәуелсізідігін рәміздейді. Яғни, бұл көше өз еліміздің символдарының бірі болып тұр. Сондықтан, еліміздің бас көшесі басқа мемлекетте орналасқан қаланың атауымен аталғаны дұрыс емес деп санаймын. Елбасымыз «Қазақстан Стратегиясы – 2050. Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында: «біз армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік елдің іргетасын қаладық» деген сөздерін еліміз әлем мойындаған жетістіктерге XXI ғасыр басталып жатқан кезде жеткенін ескере отырып, Астана қаласындағы Орынбор көшесінің атауын «Алтын ғасыр» даңғылы деп өзгертуді ұсынамын. Орынбор қаласын ескерусіз қалдырмау үшін жылдан-жылға өсіп, кеңейіп келе жатқан Астана қаласындағы жаңа көшелердің біреуін атауға болады деп ойлаймын, - деді депутат.

Естеріңізге сала кетейік, 1920 жылы 4 қазанда Орынборда Қазақ өлкесі Кеңестерінің құрылтай съезі өтіп, Қазақ АКСР-і құрылған. Ал Орынбор қаласы сол кездегі Қазақ АКСР-інің 1920-1925 жылдар аралығында астанасы һәм бас қаласы болған.

Тек бұл ғана емес, Ресеймен  байланысты нысандар  басқа  аймақтарда да көп. Мәселен, еліміздің оңтүстік астанасы - Алматыда  "Мәскеу" атты метростанция салынып  жатыр. Сонымен қатар, ресейлік ерекшеліктерді білдіретін басқа да орындар, сауда үйлері бар. Мирзоян көшесінің аты төңірегінде біраз дау шығып, кейін басылған-ды.

Қатысты Мақалалар