Данияр Елеусінов, Рио Олимпиадасының чемпионы: Ата-бабаның аруағы деп Аллаға серік қосатындарды ұнатпаймын

/uploads/thumbnail/20170709114224004_small.jpg

Данияр Елеусінов Батыс Қазақстан облысы, Қазталовка ауданы, Березино ауылында дүниеге келген. Халықаралық деңгейдегі спорт шебері, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, жастар арасындағы әлем чемпионатының финалисті (Мексика, 2008 ж.),  Қазақстан жастар ойынының чемпионы (2009 ж.), ҚР чемпионы (2010 ж.), Гуанчжоудағы Азия ойындарының чемпионы (2010 ж.), олимпиадалық квалификациялық құрлықаралық турнирдің жеңімпазы (2012), ҚР-2012 Кубогының жеңімпазы,  (2016 ж.) Рио Олимпиадасының «Алтын медаль» иегері.  

— Сіз қазақ еліне ғана емес, барша әлем жұртшылығына таныс жансыз.  Көпшілік жандарға сіздің жеке өміріңіз қызықты екені жасырын емес.   Өзіңіз жайлы, өміріңізде болып жатқан жаңалықтарды  айтып кетсеңіз?

— Мен бокспен осында айналыстым. Тоғыз жасымнан рингте жүрмін, одан бері 16 жыл өтті. Әрдайым спортқа жақын жүрдім, мектептегі спортты эстафеталар мен  марафондарға қатысып, баскетбол, футбол ойнадым.  Қазақ-орыс әдебиетін жақсы көрдім. Мәнерлеп оқудан орыс және қазақ тілдерінен конкурстарға қатысып, әрдайым бірінші орындарды иеленетінмін. Бірақ, соңғы қатысқан кезімде осыған дейін талай орын алғансың деп  бірінші орынды бермеді. Мұндай әрекет шынын айтсам  маған аса ұнамады. Себебі өзім лайықты болып тұрған орнымды иелене алмадым.   Онда да саясаттың қатысы болды. «Сен талай мәрте орын  алғансың, енді басқа адам алуы керек» деген соң, мен спорт саласын таңдап кеттім.  Мектепте өте белсенді болдым.  Барлық қоғамдық іс-шараларға қатыстатынмын.   

Қазақ Агро Техникалық Университетінде  оқуымды аяқтадым, әскерде болдым.  Қазір отбасылы адаммын, өзімнің сүйікті ісім бокспен айналысамын.  Мен үшін бірінші кезекте отбасым.  Алдымен бір жаратушыға, сосын барып өзімен сенемін!  «Ата-бабаларыңның аруақтары үшін» деп Аллаға серік қосатындарды ұнатпаймын. Өзіміздің дұрыс ислам дінін қолдаймын. Қазақ дәстүрлерінің барлығын білмесем де, исламға қарсы келмейтіндерін ұстануға тырысамын. Адам үшін отбасынан артық ештеңе жоқ деп білемін. Спорт саласында осы жеткен жетістігіммен тоқтап қалғым келмейді.   Потенциалым жеткілікті, бойымдағы бар күш-қуатымды сарқып, еңбек етуді жалғастырамын.

 —  2017 жылға деген жоспарларыңыз қандай?

 — Әзірше нақты жоспарларды білмеймін. Әкем екеуміз ойланып, бір шешімге келеміз. Келесі жылға  Қазақстан Бокс Федерациясы бізге бір жылға лайықты  демалыс берді. Әрине жарыстарға шығып тұратын боламыз, бірақ негізгілеріне шықпаймыз, біз Қазақстан Чемпионаттығынан босатылдық.

Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген спорт шебері екеніңізді білеміз, бірақ кей деректерде  сізді Халықаралық спорт шебері деп қойған. Осы жайында өзіңіздің жауабыңызды білсек?

— Мен халықаралық дәрежедегі спорт шебері емеспін. Мен Қазақстанның еңбегі сіңген спортшысымын. Мен нормативтердің бәрін баяғыда орындап тастағанмын. Неге  мені көпшілік әлі күнге дейін  халықаралық спорт класстың  шебері деп ойлайтынын білмеймін. Мен 2014 жылдан бері еліміздің еңбегі сіңген спорт шеберімін.

— Данияр,  сізге мемлекеттік қызмет ұсынып, лауазымы бар шенеунік болсаңыз ең алдымен еліңіз үшін не істер едіңіз?

— Маған лауазымды қызмет ұсынса қай салада болмасын мен спорт мәдениетін  дамытатын едім. Себебі маған өз салам жақынырақ.  

Сіз танымал адамсыз. Еліміздің жастары сізгі үлгі тұтып, кумир санайды. Қазіргі қазақ жастарының қандай әрекеттеріне көңіліңіз толмайды? Оларға қалай әсер етер едіңіз?

— Жаман жақтарын білмеймін.  Қазіргі заманның жастары спортпен айналысуды сәнге айналдырды. Олар үшін сыра ішіп, қолдарына темекі қыстыру мақтан емес.  Фитнес- клубтарға барып,  саябақтарда жаттығып жүрген жастарды көп кездестіремін.  Сондықтан үкімет тарапынан жастардың салауатты өмір салтын ұстануына барлық жағдай жасалып жатыр деп ойлаймын.

 Бүгінгі таңда  қазақ жігіттерінің жауапкершілігінің төмен екені жиі айтылып жүр.  Жастар арасында альфонстардың да қаптап кеткені жасырын емес. Неге қазақ жігіттері ұсақталып бара жатыр?

— Мұндай провокациялық сұрақтарыңызбен мен келіспеймін.  Менің айналамда ондай  жігіттер болмағандықтан, өз басым жігіттерді ұсақталып кетті деп ойламаймын.  Мүмкін азды-көпті альфонстар бар шығар, оларды аса көп деп ойламаймын. Мен араласып жүрген жігіттердің баршасы отбасын асырап жүрген жауапты жігіттер.

  

— Айлығыңызды үлкен көлемде өсіріп, боксер ретінде өзге елдің намысын қорғау үшін шақырса, өз келісіміңізді берер ме едіңіз?

— Жоқ, ешқашан келісімімді бермеймін. Қанша ақша берсе де, отанымды сату менің тарапымнан опасыздық болар еді. Менің қаным қазақ, осы топырақта өстім. Кәсіби боксқа өткен күнде де  Қанат Ислам мен Гена сияқты өз байрағымды алып, рингке  қазақтың шапанымен  шығар едім.

 — Данияр, қазіргі жастарымызды патриот деп санайсыз ба?  Әлде  көпшілігі рухани құндылықтарды материалды құндылықпен алмастырып алды ма?

Бәрін болмаса да, көпшілігін патриот деп санаймын.  Үкімет тарапынан олардың патриот болуларына барлық жағдай жасалынып жатыр.  Кейбір  елі үшін алаңдамайтын жастарға батыстың ықпалы әсер етіп жатқан болар. 

 —  Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан: Айжан Қалиева 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар