Қарағандының Саран қаласында 238 көшенің біреуі де қазақшаланбай тұр

/uploads/thumbnail/20170709123712075_small.jpg

Бүтіндей бір ауданға Алаш көсемі Әлихан Бөкейханның есімі беріліп жатқанда, Қарағандыдағы Саран қаласындағы  238 көшенің ең болмағанда біреуі қазақшаға өзгертілсе деген халықтың арманы орындалмайтын сияқты. Бұл туралы «Қамшы» порталы «31 арна» жаңалықтарына сілтеме жасап хабарлайды. 

«Рабочая», «Фестивальная», «Веселая», «Солнечная» сияқты Саран қаласындағы көшелердің саны130-дан асып жығылады екен. Мұндағы 238 көшенің қазақ тіліндегісі бар болғаны сегіз пайызды ғана құрайды. Тұрғындар көшелердің аттарын тарихи атауларға өзгертуді сұрап, жауапты мекемелерге ұсыныс хат та жолдапты. Бірақ, көше аттарының ескіріп, мән-мағынасыз екенін мойындаған тілдерді дамыту бөлімінен әлі күнге дейін жауап болмаған. 

Тілшілердің алдынада ашығын айтқан қала әкімі қазақша атауға қарсы. Саран қаласының әкімі Анатолий Шкарупа көше аттарын ауыстыруға орындауға асықпайды. Өйткені, даңғылдардың аттарын ауыстыру жат нәрсе деп отыр.

Бірақ екінші бір сөзінде қала әкімі атауларды ауыстыру мәселесі қаралып жатыр дегенге сендірді. Сөзінше, құжаттар да әзірленіп жатқан көрінеді. Ал көшелердің есімі қашан жаңартылатынын шенеунік айтпады. 

  

Еске салатын болсақ, Қазақстанда көшелердің советтік кезеңдегі атауларын өзгерту мәселесі өте күрделі. Атап айтқанда, Мирзоян атауындағы көшеге қазақша атау беру республикалық деңгейде қатты талқыланған еді. 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар