ДІН ҚЫЗМЕТКЕРІ: ОРАМАЛ ТАҒУҒА ТЫЙЫМ САЛСА, БАЛИҒАТ ЖАСЫНДА ҚЫЗЫМДЫ МЕКТЕПТЕН ШЫҒАРЫП АЛАМ

/uploads/thumbnail/20170709125637185_small.jpg

Қазанның 19-ы күні Қазақстанның үш бірдей министрлігі: білім және ғылым, әділет, дін және азаматтық қоғам министрліктері Қазақстан заңнамасына сәйкес діни бағыттағы киімдерді мектепке киюге тыйым салынғанын мәлімдеген еді. «Қамшы» порталы өзінің еркін ой мінбері екенін ескерте отырып, «Тамшы» сайтында жарияланған Жасұлан Жүсіпбеков есімді діни қызметкердің орамалға тиым салуға қатысты пікірін ұсынады.

«Құрметті мұсылман бауырлар, қазіргі күнде көтеріліп жатқан ең үлкен мәселе әйел адам ұятты жерлерін, әурет жерлерін жауып жүру мәселесі. Ол, орамалмен жаба ма, арабша айтқанда хиджаппен, қазақша айтқанда кимешекпен жаба ма, әлде спорттық киіммен жаба ма, матамен жаба ма қандай да материалмен әйел адамның ұятты жерін жабуы халықтың арасында, мұсылмандардың арасында, үкіметтің арасында қатты көтеріліп жатыр. Осыған қысқаша тоқтала кетсек:

Біріншіден, әйел адам балиғат жасына толғанда екі қолы мен бетінен басқа жерін жабуы парыз. Бұл, Алланың әмірі. Құранда келеді. Алла тағала бұйырған парыз нәрсе басқа біреу парыз емес деп жоққа шығаратын болса, онда, ол адам діннен шығады, кәпір боп кетеді. Ал, егер мойындап тұрып, «мен білем ғой парыз екенін, бірақ таға алмаймын, тақпаймын қандай да бір себеппен» десе, онда, ол адам діннен шықпайды, бірақ күнәһар болады дейді ғалымдар. Сондықтан, Үкіметтің, министрліктің мектептерде, басқа да органдарда «орамал таққызбаймыз» дегені тікелей дінге қайшы. Имам Тахауидың «біз басшыға бұйсұнамыз» деп айтқан сөзі бар. «Басшыға бұйсұну уәжіп, тек Алланың әміріне қарсы келмейтін мәселелерде» дейді. Мысалы басшымыз, дінге, құран-хадиске қайшы іске бұйырса, яғни, арақ іш деп бұйырып жатса, зина жаса деп бұйырып жатса, орамал тақпайсың, әуретіңді жаппайсың деп бұйырып жатса онда ол жерде адамның әмірі емес Алланың әмірі бірінші орынға қойылады. Үкімет бастап отырған орамал таққызбау мәселесі қолға алынса, мен балиғат жасына толғанда қызымды мектептен шығарып аламын. Өйткені, Алланың әмірі бірінші орындалады. Ал, басшылықтың айтқаны Алла әміріне қайшы келмесе ғана орындалады. Яғни, осы мәселеде Алланың әміріне қарсы келгендіктен басшының әміріне бұйсұнылмайды.

Имам Тахауи ашып айтқан: «Басшылар зұлымдық қылса да біз оған бұйсұнамыз. Оған сабыр, таупих бер, туралық бер деп дұға қыламыз, Алланың әміріне қарсы жұмсаса бұйсұнылмайды» деп.

Екіншіден, Осы мәселені көтеріп, Елбасынан, елдің басында отырған ағалардан көмек сұрап, жер-жерден қол жинап петиция ұйымдастырамыз. Осыны іске асырмауын, мұсылмандар құқығын қорғауын талап етеміз. Облыстарда, аудандарда заңгерлерді тартып, азаматтарды петицияға қол қоюға шақырамыз. Бұны мұсылмандар құқығын қорғау деп түсінуіміз керек. Шариғат шеңберінен, заң шеңберінен шықпауымыз керек. Ата заңымызбен шариғатымыз қайшы келіп қалған жағдайда байбіт жолмен, ел ағаларына хат жазу арқылы құқығымызды қорғап қалуға ат салысайық. 

Қатысты Мақалалар