Дьяченко Ұлттық пантеонға жерленетін болды

/uploads/thumbnail/20170709125957559_small.jpg

 

Астанадағы Максим Горький атындағы академиялық орыс драма театрында қазақстандықтар мемлекет қайраткері Сергей Дьяченкомен қоштасты деп хабарлайды «Қамшы» порталы.

Сергей Александровичті ақтық сапарға шығарып салуға парламент депутаттары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, елорда жұртшылығы келдi. Сонымен қатар қоштасу рәсіміне парламент мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин, президент Әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков, Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов, Астана әкімі Әсет Исекешев, премьер-министрдің орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов және басқалары қатысқан.

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин мемлекет қайраткері Сергей Дьяченконың сүйегі Ұлттық пантеон аумағында қойылатынын хабарлады. Айта кетер болсақ, Ақмоланың экс-әкімі Сергей Дьяченко  26 қазанда өмірден озған еді.

Еске сала кетер болсақ, Ұлттық пантеонға  Орал Мұхамеджанов, Әбіш Кекілбайұлы, Мақсұт Нәрікбаев, Фариза Оңғарсыновалар жерленген болатын. 

Қатысты Мақалалар