44-жастағы Гүлнара Кәрімова Өзбекстан Ұлттық қауіпсіздік қызметінің мәліметінше көз жұмған, оны біреулер қарашаның 5 күні улап өлтірген дейді өзінің аты-жөнін жасырып ұстағысы келген дерекөз. Сол күні түнде оны Ташкенттегі «Минор» мазарына жерлеп, қабірін тегістеп қойған,- деп жазады Zakon.kz Inozpress.kg сілтеме жасап.
Дерекөздің айтуынша, ол өзі Гүлнар Кәрімованың жерлеуіне қатысқан, ал Ц-1 телефон арқылы ақпарат беріп отыруының себебі, Гүлнараның ұлы Ислам мен қызы Иманның қауіпсіздігіне алаңдаулы. Олар қазір Ташкентте қолдаусыз, еш құқықсыз қалған.
« Гүлнараны көрсетіңдер»
Гүлнараның өлімі жайлы ақпарат әлеуметтік желі арқылы да тарап жатыр. «Твиттердегі» «Гүлнараны көрсетіңдер» Аккаунты журналистер мен халықаралық сарапшыларға арналған, онда Кәрімованың өлімін мысалға айта келіп, тым құрығанда оның тірі екеніне көз жеткізу үшін видеоүндеуін болсын көрсетіңдер деп талап етуде.
Гүлнараның атынан жазып жатқан басқа аккаунт оның тірі екенін көрсету үшін барн салып, архивтегі ескі фотоларды жариялауда.
Қарашаның 22 күні қолында телефоны бар селфи жасаған Гүлнара Кәрімоваға қарап, «өзбек ханшайымы» тірі емес сияқты деген ой салады,- деп жазады басылым.
Себебі, желіде бұл суреттің жүргеніне біраз болған, тек арттағы түсқағаз бен қолындағы телефоны ғана басқа демесеңіз.
Билік үнсіз
БАҚ өкілдері Гүлнараның өліміне қатысты ақпаратты Өзбекстан билігінен ресми анықтамақ болған. Жақында ӨР президент Аппаратының баспасөз –қызметіне журналистік сұралым жіберілген. Онда төендегідей мәселе көрсетіледі:
1. 44-жастағы Гүлнара Кәрімованың 5-ші қараша қаза болғаны рас па?
2. Медициналық куәлік болды ма немесе сараптама қортындысы бар ма?
3. Ташкенттегі «Минор» қабірінде жерленгені рас па?
4. Ол тірі болса, ел алдына шығуға мүмкіндік жасар ма едіңіздер?
5. Оның өілі кім үшін маңызды? Ол бірінші президенттің қызы ретінде мемұйымның қарауында ма?
6. Оның балалары – Ислам мен Иман қайда?
7. Бірінші президенттің отбасына президент Аппараты жауапкершілік ала ма? Оларда қорғау мен басқа да жеңілдіктер бар ма?
Мақала жазылуы кезінде ӨР президент аппараты сұрақтарға жауап бермеген. Өзбекстан министрлер Кабинеті және болашақ президент Шавкат Мирзиёевтің Ц-1 оларға Гүлнара жайлы ештеңе мәлім емес екенін айтқан.
«Ханшайым» және Твиттер
Гүлнара Кәрімова, өз кезегінде Өзбекстандағы ықпалды адамдардың бірі болған, әкесінің өлімінен кейін мұрагер ретінде де қарастырылған.
Швецарияда 800 млн доллар қаржысы сақталған есебі құрықталған. Еуропаға баруға мүмкіндігі болмаған Гүлнара Ташкентте отырып қалды, осылайша оның араласатын ортасы тарылып, тек Твиттерде ғана жан айқайын айта алатын жағдайға жеткен. Ол осылайша өзіне қарсы болған анасы Татьяна, кішкене сіңілісі Лоланың бар былығын ашуға тырысты. Ол елде президент тағы үшін талас басталғанын және оны қарсылас ретінде ысырып жатқанын жазған.
Ислам Кәрімовтың өлімінен кейін қыркүйектің 2 Гүлнара мен балалары жерлеуде болмаған. Елдің болашақ көшбасшысы Мирзияев, Кәрімовтер отбасына көңіл айта отырып, Гүлнараның есімін атамаған болатын, онда тек Лоланың есімі айтылды.
Дерекөз Гүлнараның өлімі жайлы ақпарат өтірік емес екенін айтуда. Ол ел билігі оны ешқашан көрсете алмайтынын, себебі енді оның жоқ екенін айтты. Кәрімовтың бір ғана қызы қалды деп жүрген Мирзияев шынымен де рас ақпарат айтып жүрген болар.