Мемлекет басшысы нарықтың кәсіби қатысушыларын іскерлік сипатындағы ақпаратпен қамтамасыз етушілер арасындағы үздіктердің бірі болып саналатын Bloomberg News ақпарат агенттігі өкілдерімен әңгімелесті, деп хабарлайды "Қамшы" порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеп.
Сұхбат барысында Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуының басты бағыттарына қатысты сауалдарға жауап беріп, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер ынтымақтастығының перспективалары, жаһандық экономиканың, терроризммен күрестің маңызды аспектілері, сондай-ақ шет елдермен өзара іс-қимылды нығайту жөнінде айтты.