Кеше, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтің Bloomberg-ке сұхбат берген туралы хабарлаған едік.
Ол өз сұхбатында келесі президенттің кім болатыны туралы сұрақға ашық жауап берген. Елбасының айтуынша, оның балалары тақ мұрагері болмайды. Президент Қазақстан билігінің конституцияға сай ауысатынын, барлық процестің тек заң шеңберінде жүзеге асатынын жеткізген.
Елбасы сондай-ақ Қазақстан президенті болып сайланған адамның 5 жылдан 2 мәрте сайлана алатынын ескертіп, өз жоспарларын жүзеге асыруға барлық қажыр-қайратын жұмсайтынын жеткізген.
«Мен 2020 жылға дейін жұмыс істеймін, 2020 жылы жүздесейік», - дейді Елбасы.