Ақберен Елгезек Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің баспасөз xатшысы болды

/uploads/thumbnail/20170709170647789_small.jpg

Белгілі ақын Ақберен Елгезек Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің баспасөз xатшысы болды, деп хабарлайды "Қамшы" порталы. Бұл туралы ол facebook парақшасында мәлім етті.

"Қадірлі ағайын! Елордаға оралдық. Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі Министрінің баспасөз xатшысы лауазымына тағайындалдық. Журналист әріптестеріме қолдан келген көмегімді көрсетуге даярмын", - деп жазды бұған дейін ОҚО облыс әкімі аппарат басшысы орынбасары қызметінде болған ол.

Ақберен Елгезек 1980 жылы дүниеге келген. Семей облысы Шұбартау ауданы Мәдениет ауылында Е.Рахмадиев атындағы орта мектепті бітірген. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің тарих факультетінің түлегі. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. Қазақстан «Серпер» жастар сыйлығының, Т.Айбергенов атындағы сыйлықтың және Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының, «Алтын қалам» қоғамдық сыйлығының иегері. «Қазақ әдебиетін қолдау» қоғамдық қорының жетекшісі. «Кентавр» ұлттық әдеби апталығының негізін қалаушы. «Көлеңкелер күбірі» атты жыр жинағы жарық көрген. Иван Бунин, Дмитрий Мережковский, Варлам Шаламов, Владимир Высоцкий, Гийом Аполлинер шығармаларын аударған. 2001 – 2003 ж ж. – Алматы қалалық Iшкi саясат департаментiнiң бас маманы. 2003 – 2004 ж ж. – ҚР Ұлттық инженерлiк академиясы Президентiнiң кеңесшiсi. 2004 – 2008 ж ж. – Алматы қаласының Ақпараттық-талдау орталығының директоры. 2009 ж. – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетi жастар ұйымдарымен жұмыс iстеу бөлiмiнiң бастығы. 2009 – 2010 жж. – ДҚҚ қарасты «Атажұрт» баспасының бас редакторы. 2010 – 2011 ж ж. – «Бөбек» ҰҒПСО-ның Адамды үйлесiмдi дамыту институтының директоры. 2011 ж. – «Бөбек» ҰҒПСО-ның Бас директоры мiндетiн атқарушы. 2012 ж. ҚР Білім және ғылым министрлігі «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ-ның вице-президенті. Сондай-ақ ult.kz интернет басылымының құрушысы.

Қатысты Мақалалар