​ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АВТОМОБИЛЬ ТАСЫМАЛДАРЫ ЖӨНІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН-ПОЛЬША АРАЛАС КОМИССИЯСЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

/uploads/thumbnail/20170709172202124_small.jpg

Қазақстан үшін Польша маңызды серіктес. Бұл ретте Қазақстан мен Польшаның сауда-экономикалық қарым-қатынастарын әрі қарай дамыту кепілі екі елдің көліктік-коммуникациялық кешенінің тұрақты жұмыс істеуі болып табылады.

Ағымдағы жылдың 23 тамызында Мемлекет басшысының Польшаға ресми сапарының барысында экономикалық өзара байланысты арттыру үшін Қазақстан мен Польша арасында сенімді көлік жолдарын қамтамасыз ету маңыздылығы атап өтілді.

2016 жылғы 15-16 қыркүйек арасында Алматыда бұрын қол жеткізген уағдаластықтарды орындау үшін 1997 жылғы 23 мамырдағы Қазақстан Республикасы мен Польша Республикасы арасындағы халықаралық автомобиль тасымалдары туралы үкіметаралық келісімнің шеңберінде Халықаралық автомобиль тасымалдары жөніндегі Қазақстан-Польша аралас комиссиясының кезекті отырысы өткізілді.

Тараптар Қазақстан мен Польша арасындағы жүк тасымалы көлемі туралы ақпаратпен алмасып, екі ел арасындағы тасымалдар көлемі динамикасының жақсарғанын атап өтті.

2015 жылы Қазақстан мен Польша арасындағы автомобиль көлігімен жүк тасымалдау көлемі 4% ұлғайып, 165 мың тоннаны құрады. Автомобиль көлігімен тасымалданатын негізгі жүктер өсімдіктен өндірілетін азық-түліктер, дайын тамақ өнімдері, дәнді және ұн-жарма өнімдері, механизмдер мен жабдықтар, сондай-ақ мал өнімдері. 

2016 жылдың бірінші жартысында екіжақты тасымал көлемі шамамен 100 мың тоннаны құрады.

2016 жылдың бірінші жартысында 2015 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда отандық тасымалдаушылармен орындалатын рейстер саны 43 % ұлғайды.

Келіссөздер қорытындысы бойынша 2016 жылға жүк тасымалдары үшін қосымша рұқсат бланкілерімен алмасу квотасы белгіленді.

Отырыс қорытындысы бойынша Хаттамаға қол қойылды.

Қатысты Мақалалар