Монғолияда этникалық қазақ Энергетика комитетінің Төрағасы болып тағайындалды

/uploads/thumbnail/20170709172842645_small.jpg

Моңғолиядағы қандастарымыз арасынан шыққан танымал саясаткер, дарынды экономист Тілейхан Әлмәлікұлы Моңғолия Республикасы Премьер-министрі Ж.Эрдэнэбаттың жарлығымен Энергетика комитетінің Төрағасы болып тағайындалды. Бұндай қуанышты жаңалықты Baq.kz хабарлады.

Тілейхан Әлмәлікұлы 1955 жылы Баян-Өлгий аймағында туылған. 1976 жылы Моңғолия Мемлекеттік Университетін Өндірістік жылумен қамтамасыз ету инженері мамандығы, 1989 жылы Экономикалық кешкі университет Өндірістік экономист бойынша тәмамдаған. Тілейхан Әлмәлікұлы Моңғолия парламентіне екі рет сайланған депутат.

2008-2012 жылдары Моңғолия Парламентінің Әлеуметтік саясат, білім, мәдениет, ғылым мәселелері бойынша тұрақты комитетінің бастығы болды. 1991 жылы Халық Революциялық 70 жылдық медалі, 1993 жылы Энергетика саласының озат қызметкері, 2001 жылы Халық Революциясының 80 жылдық медалі, 2005 жылы Еңбек Қызыл ту орденімен марапатталған. 2014 жылы Моңғолияның Өнеркәсіп саласының қайраткері атағын алған.

Айта кетсек, Монғолиядағы қандастарымыз арасынан жоғары билікке араласқандар көп. 

​Бұған дейін Депутат болған қазақтар
1992 жыл - Болат Ажіқанұлы, Сұлтан Тәукейұлы, Володя Қамбарұлы
1996 жыл - Сандалхан Раздақұлы, Болат Ажіқанұлы, Сұлтан Тәукейұлы
2000 жыл - Сандалхан Раздақұлы, Жекей Қалидолдаұлы, Нигамет Онғышұлы
2004 жыл - Мұрат Әукетайұлы, Сайран Қадырұлы, Бәкей Ағыпарұлы
2008 жыл - Тілейхан Әлмәлікұлы, Бәделхан Қабдісләмұлы, Жекей Қалидолдаұлы

Қатысты Мақалалар