Үздік әлеуметтік идея-жоба авторына бір миллион теңге тапсырылды

/uploads/thumbnail/20170709173301572_small.png

VII Азаматтық форум аясында әлеуметтік идеялар мен жобалардың жәрмеңкесі өтті. Байқау әлеуметтік мәселелерді шешуде инновациялық әдістердің рөлін анықтауға бағытталған.
Аталған жәрмеңке ағымдағы жылы 15 қазан мен 15 қараша аралығында Қазақстан Азаматтық альянсы ресми сайтында (www.gakaz.kz) онлайн режимде өтті. Үздік әлеуметтік идея-жоба авторына 1 млн теңге тапсырылды. 
Сонымен қатар, форум аясында «Таным» республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау шарасы өткізілді. 2016 жылдың 10 қазан мен 15 қараша аралығында онлайн режимде өткен шара үкіметтік емес ұйым өкілдерінің жетістіктерін қалың көпшілікке танытуға бағытталған болатын.
Байқау жеңімпаздары онлайн дауыс беру жолымен анықталды. 14 номинация бойынша салтанатты марапаттау рәсімі Форум аясында өтті. Байқау лауреаттары арнайы диплом мен естелік сыйлықтармен марапатталды.

Қатысты Мақалалар