Астананың басты көшесінен ақыры «Орынбор» аты өшірілді

/uploads/thumbnail/20170709173954781_small.jpg

Осыдан 2 жұма бұрын ғана, 10 қарашада Астана қаласында мәслихат шешімімен бірқатар көшелердің атауы ауысатыны, жаңа көшелерге ат берілгені белгілі болған. Мәслихат депутаттары Елорданың негізгі даңғылдарының бірі Орынбор көшесін «Мәңгілік ел» деп атауды ұйғарған еді. Ал, басты даңғылдан ығыстырылған «Орынбор» есімін қаланың батыс шетіндегі, өзі елеусіз Е10 көшесіне қоя салған.

Осы жұма күні Астанада Орынбор көшесі атауы жазылған арнайы тақтайшалар алып тасталып, оның орнына жаңа «Мәңгілік ел» көшесі деп жазылған тақтайшаларды орнатты. Әуел баста, «Елорда көшелерінің аты өзгереді» дегенде, қала әкімдігі халыққа қызмет көрсету орталықтары заңды және жеке тұлғалар үшін үй құжаттарын ауыстыратындығын, үйдің техникалық төлқұжатына өзгеріс енгізу тегін болатындығын түсіндірген. Алайда, электронды үкіметтің консультанттары құжаттарды ауыстыру 530 теңге тұратынын хабарлаған.  

Көше атын ауыстырғыш Астана мәслихаты Еңбекшілдер деп аталып келген көшеге 36-шы көшемен біріктіріп, Алаш көсемі Әлихан Бөкейхановтың есімін қойды. Ал, бұған дейін «Сарыарқа» ауданындағы Бөкейханов көшесі ендігі уақытта Әзербайжан Мәмбетов көшесі де аталмақ.

Қатысты Мақалалар