Оңтүстікте мемлекеттік бағдарлама аясында 47 кооператив құрылды

/uploads/thumbnail/20170709174652912_small.jpg

 

Оңтүстік Қазақстан облысы аграрлы аймақ екенін ескере отырып, ауыл шаруашылығының дамуына ерекше назар аударылуда. Саланы қолдауға жалпы 29 млрд. теңге бағытталып отыр. Егіс көлемін ұлғайту, иесіз жерлерді игеру, заманауи технологиямен тамшылатып суғару әдісін кеңінен енгізу, жылыжай және қарқынды бау құрылыстары, мал басын асылдандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Бірінші жартыжылдықтың қорытындысымен ауыл шаруашылығы жалпы өнім көлемі 123 млрд.теңгені құрап, 2 пайызға артты. Егіс көлемі өткен жылдан 13 мың гектарға артып, 788 мың гектарды құрады. Суармалы 466 мың гектар жердің 93 пайызы игерілуде (434 мың га). Ағымдағы жылы дәндік жүгеріден 108,4 мың тонна, көкөністен 811 мың тонна, бақшадан 1 252 мың тонна, картоптан 195 мың тонна, масақты дақылдардан 470 мың тонна өнім жиналды. Алғаш рет бидайдың орташа өнімділігі 22 центнерді құрап (2015 ж. – 17,8 ц/га), рекордтық өнім алынды.

Тамшылатып суғару әдісі қосымша 6000 жуық гектарға ендіріліп, жалпы көлемі 49,7 мың гектарға жетті (Республикадағы үлесі 73 пайыз).

Жылыжайлар қосымша 72 гектарға салынып, жалпы 1 098 гектарға жетті (Республикадағы үлесі 87 пайыз). Осы жылыжайлардан 80 мың тонна көкөніс өнімдері жиналды. Терең қопсыту технологиясы 89 мың гектарға енгізілді. Жыл басынан фермерлерге «Ырыс» қаржыландыру ұйымы арқылы төменгі пайызбен 486 жобаны қаржыландырылуға 1,2 млрд. теңге көлемінде несие берілді. «Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан» бағдарламаларымен 35 мыңнан аса мал басы сатып алынды. 4000 астам ұсақ шаруашылықтарды біріктіретін 47 кооперативтер құрылып, 9 МТС ашылды.

http://adym.kz/

 

Қатысты Мақалалар