Түлкібас ауданы ауыл шаруашылығындағы межелі міндеттерін толық орындаған

/uploads/thumbnail/20170709175239214_small.jpg

 

Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданының ауыл шаруашылық саласындағы межелі міндеттер толық орындалға, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі. Ауыл шаруашылық саласының өнім көлемі 2016 жылдың 9 айында 19 млрд. 650,1 млн. теңгені құрады. Нақты көлем индексі 100,1пайыз.     2016 жылға 900 гектарға бау егу жоспарланған, 9 айдың қорытындысы бойынша орындалғаны-122 гектар.

Тамшылатып суғару әдісі  межедегі  520 гектарға жетіп, терең қопсыту технологиясы 4920 гектарға енгізілді. Бұл тұрғыда жүктелген міндет толық орындалды. Мал шаруашылығы саласында  2016 жылдың 9 айында 11 млрд. 627,3 млн. теңгенің өнiмi өндiрiліп, нақты көлем индексі 102,2 пайызды құрады. Ет өндіру-102,8%, сүт-100,7%, жұмыртқа-101,8%  артты. Мал шаруашылығын дамыту шараларын іске асыру нәтижесінде                  328 тонна ет, 276 тонна сүт, 251 мың дана жұмыртқа өнімдері қосымша өндірілді. Сонымен қатар ауданда мемлекеттік бағдарламалар да тиісті деңгейде атқарылып келеді. Мәселен, «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 406 бас сатып алынып, жылдық жоспар 4 есеге артығымен орындалды. «Алтын асық» бағдарламасы бойынша 430 бас алынып 107,5  % орындалды. Оңтүстік Қазақстан облысы мал шаруашылығын дамыту іс-шараларының 2014-2016 жылдарға арналған жоспары бойынша ауданда10-15 басқа арналған 230 шағын мал бордақылау алаңдары, 5-10 бастық 71 жанұялық сүт фермасы, 13 сүт қабылдау бекеттері ашылып, межелер артығымен орындалды.  


 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар