Алматыдағы Бостандық ауданында қарды уақытында тазаламаған 300 адамға айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бостандық ауданы ІІБ жергілікті полиция бөлімінің табиғатты қорғау полициясы 20-25 қараша күндері «Таза қала» жедел-алдын алу шаралары аясында жүргізілген рейдік тексерулерін қорытындылады. Құқық бұзушыларға ҚР ӘҚБК 505-бабы - «Қаланы абаттандыру ережелерін бұзу» бойынша хаттама толтырылды, ал кейбіріне аталған баптың екіші бөлігі бойынша хаттама жасалды, яғни олар бір жылда екінші рет әкімшілік құқық бұзушылыққа жол беріп отыр. «Рейдік тексеру кезінде шағын кәсіпкерлік немесе коммерциялық емес ұйым субъектілеріне 28 хаттама, жеке тұлғаларға 245 хаттама толтырылды. Сондай-ақ, азаматтарға ескертулер берілді. Жоғарыда көрсетілген баптың санкциясына сәйкес, жеке тұлғаларға салынған айыппұл көлемі - 20 АЕК, шағын кәсіпкерлік немесе коммерциялық емес ұйым субъектілеріне - 30 АЕК», - деді Бостандық ауданы ІІБ жергілікті полиция бөлімінің басшысы, полиция полковнигі Айтжан Әлмұханбетов.
Пікір қалдыру