Огайо штатындағы университетте оқитын студент дүйсенбі күні университет кампусында қолына пышақ алып, шабуыл жасады. Салдарынан 11 адам жараланды, 1-еуі ауыр халде жатыр. Оқиға федералдық тергеу бюросы бойынша хабарланып отыр, алайда мұның террорлық әрекетке қатысы бары жайлы нақты мәлімет жоқ.
Ангшуман Капил есімді куәгердің айтуынша, шабуылдаушы студент жолында кездескеннің бәріне пышақ сілтеді. Осыдан кейін шу шығып, бәрі жан-жаққа қаша бастағанын айтты.
11 адамды жарақаттаған студенттің аты-жөні белгілі болды. Ол 18 жастағы Сомалилік Абдул Разак Али Артан. Абдул Разак осыған дейін өзінің жаңа университетінің кампусында, қоғамдық орында дұға жасағысы келетінін, бірақ мұсылман ретінде өзінің қауіпсіздігіне қорқатынын жеткізген екен.
«Егер олар менің мұсылман ретінде дұға жасап отырғанымды көрсе, мен олардың не ойлайтынын, не істейтінін білмеймін»,–депті. Намаз оқуға арнайы бөлмесі бар колледжден ауыстырылған Абдул Разак жаңа университетте намазды қайда оқитын білмей қысылғанын анасына айтып шағымданыпты. Ол журналистерден көңілі қалғанын да тілге тиек етіпті. Оның ойынша, олар оның дінін, сенімін басқаша сипаттайды. Абдул Разактың қолына пышақ алып, адамдарға шабуыл жасауына не түрткі, не себеп болды белгісіз. Жоғарыда айтылғанның бәрі куәгерлердің сөздері.
Шабуыл басталған кейін бірер минуттан соң Огайо штатының полиция офицері Алан Хоружконың қолынан оққа ұшқан Абдул Разак ес жимай, сол орында қайтыс болды.
Зерттеушілер әлі де істің жай-жапсарын қарастыруда.