1-інші желтоқсанда үлкен экранға табиғи апаттың бірі "Жер сілкінісі" жайлы фильм жарыққа шығады. Фильм Арменияда 1988 жылы 7-інші желтоқсанда орын алған қорқынышты оқиға желісінде түсірілген. Осы апаттың салдарынан Спитак, Ленинакан, Кировакан, Степанаван қалалары және тағы 300-ден астам елді мекендер зардап шегіп, жермен-жексен болған. Ресми деректер бойынша, 25 000-нан астам адам қаза тауып, 19 000 тұрғын мүгедек болып, ал 514 000 адам баспанасыз қалған. Бұл апат әлем халықтарының жағасын ұстатып, сондай-ақ барлық ұлт өкілдерін біріктірді.
Экранға дайындалған әдеби шығарманың ұзақтығы 4 жылға созылды. Бұл фильмдегі деректер құжаттамалық хроникалар мен тарихтар және де дәл сол жер сілкінісін өз көзімен көрген куәгерлер: дәрігерлер және ТЖМ қызметкерлері, үйінділерді тазарту шаралары бригадасының жетекшілері, үйінді арсынан тірі қалған жандардың әңгімелері негізінде түсірілген.
Арменияда орын алған қасіреттің куәгерлерінің бірі Halyk Bank басқарма төрайымы. Осыған байланысты Үмут Шаяхметова "Казахстанская правда" тілшілерімен сол мезеттегі естеліктерімен бөлісті. Ол өз еркімен РУДН құтқару жасағының қатарында болып, Ленинакан қаласын үйінділерден тазарту шараларына қатысқан.
***
Мәскеуден көп ұзамай-ақ станциялардың бірінде пойызда жасырынған студенттерді кенеттен тауып алады. Екеуі қазақ және екеуі армян ұлт өкілдері, Ереванға бағыт алған пойызға мініп алып, одан ары Ленинаканға жетуді мақсат еткен. Олар 1988 жылы желтоқсанда болған жер сілкінісінен кейін үйіндінің астында қалып, қала тұрғындары қайғыдан қан жұтып жатқандығын естіп, адамдарға қол ұшын беруге аттанғандар болатын.
Лумумба П. атындағы халықтар достастығы университетінен еріктілерді жинау жұмыстары басталып, жүз ұл баладан жасақталған топ құралды. Ал қыз балаларды құтқаушылар қатарына қоспады. Бірақ, сол кездерде кей бір нәзік жандар бұл қойылған талап, шектеуге көнбей, құтқарушылар қатарына қосылуға талпынып жатты.
- Лили Ералиевамен және екі армян құрбы қыздарыммен құтқарушыларды пойызға шығарып салып жатқандар кейіп танытып, пойыз ішіне әлді бір купеге кіріп кеттік – деп, Halyk Bank басқарма төрайымы Үмут Шаяхметтова есіне алды. Бұл айтқысыз қасірет біздер университетте білім алып жүрген сәтте орын алған болатын. Есімде, университеттің бас ғимаратында баршамызды жинап айтқан болатын, біздердің жаңалықтан естіп жүргеніміз, ол онда болып жатқан жағдайдың барлығы емес деп. Осыдан кейін апат болған жердегі үйінділерді тазартуға құтқарушылар жасағын жинауды бастаған уақытта қыз балаларды құтқарушылар қатарына қоспай қойды. Бірақ біздерді, 19-жастағыларды тоқтата қоймады.
Әр ұрпақтың, мүмкін, өзіне қатысты қиыншылықтары бар шығар. Дәл сондай сәттерде кей біреулер «Бұның маған қатысы жоқ», дейтін болса, бірі жай ғана қол ұшын береді. Бұндай адамдарды қалағаныңызша атасаңыз болады – ақылсыз, романтиктер, есерсоқтар. Бірақ дәл осылар әлемді өзгертеді.
- Мен балалық шағымда ерлікке, табандылыққа осы тәрізді қасиеттерге құмар болатынмын, - деп мойындады Үмут Болатханқызы. Бастапқыда Валентина Терешковадан кейінгі екінші әйел-ғарышкер боламын деп армандағанмын. Бірақ ғарыш әлеміне Светлана Савицкая аттанғаннан соң, менің арманымның мәнісі қалмады. Одан кейін мен ойладым: егер соғыс болатын болсам онда мен партизандар қатарына қосылар едім деп. Мүмкін мен совет әдебиеттін көп оқыған шығармын...
Қазір, жылдар өткен соң, жасалған батыл қылықтарға қарап, сол кезеңдегі жалындаған жастардың мықтылығы мен сол ұрпақтың тәрбиелігін байқайсың.
- Құтқарушылар тобының мүшелері ол жақта тіпті соншалықты қайғының бар екендігін болжағанда емес. Біз Ленинаканға кірдік: айналада қираған үйлер, үйлердің тек алдыңғы немесе артқы қақмаңдайлары ғана қалған, олардың арғы жақтарында молалар, молалар және де молалар тіпті үйіліп қалған... Жантүршігерлік жағдай, - деп сол мезеттегі сезінген сезімді есіне алып айта отырды. Студенттер арнап әскери шатырларды тігіп берді. Армениядағы сол кездегі ауа-райы да өте суық болды. Күні – түні етікпен ғана жүріп, қандай жылы нәрсе болса соны үстімізге жамылып ұйықтай салатынбыз. Бірақ, бір жағынан суық болғаны да сәтті болды – егер күн жылы болғанда жұқпалы аурулардан құтылу мүмкін болмас еді. Бірге келген ұл балалар таң атпастан үйінділерді ақтарып, мерт болғандарды іздеуге кетеді, ал біздер оларға тамақтарын әзірлеп отырамыз. Есімде қалған ең қорқыныштысы – мектеп ғимараты: қаңқасы құламағанмен іші толған үйінді. Сол үйіндіге құлаған қабырғаны біздің ұлдар көтергенде астында толықтай бірінші сынып бүлдіршіндердің мерт болғанын көрдік...
Дәл осындай жағдайдың өзін еске түсірудің өзі өте ауыр – оның үстіне мерт болған туған-туыстарын тауып алып, боздаған жандарды көріп, олар жайлы айтудың өзі қиындық туғызады екен. Айтуынша, бірінші күні келе салып бірден сұмдық жағдайды көргенде кей қатарымыздағы құтқарушылар үш күн бойы сөйлей алмай жүргендер болған. Бұл қайғылы оқиға құтқару шараларына барғандардың жанына сызақ салғанымен, өмір құндылықтарын бағалауға түсінік берді.
20 жыл өткен соң Леникадада көмек көрсеткені үшін Армения Үкіметі Үмут Шаяхметоваға алғысын, мақтауын тарту етті. Бірақ бұл тарих жайлы білетіндер әлі кезге дейін аз ғана.
Оның айтуынша, мінезі және тәрбиенің барлығы ата-ананың қалыптастырған және ананың ақ сүтімен дарығаны деп түсінеді.
- Менің тұлға болып қалыптасуыма ата-анамның үлкен үлесі бар, - деп атап өтті. Ең бірінші кезекте әкем – Болатхан Кулжанулы Тайжан, кәсіпқой дипломат. Мен үйде қыздардың үлкенімін және әкем маған үлкен сенім білдірді. Мен өзіміз тұратын ауланың және сыныбымда әрдайым көшбасшы болатынмын. Көп жағдай да ұл балалармен көп ойнайтынмын және сотқар болатынмын. Көпшілігі менің озат оқушы екенімді естіп таңғалатын. Әкем мені Мәскеуге барып оқисың деп уәждемелейтін. Біздің жанұямыз өсуге талпынуға және әрдайым бірінші болуға талпынып тұратын.
Умуттің ата-анасы дипломат болатын, сондықтан оған ерте бастан өздігінше болуға тура келді. Олар шетелдерге аттанған уақытта, оны жақындарының немесе достарының жанұясында қалдыруға тура келген. Кішкентай ғана қыз ерте бастан жауапкершіліктің және өз өзін ұстай білудің не екенін түсіне білді. Енді ол тек өзіне ғана үміт артты. Умут есейген уақытта, ол ата-анасымен бірге жүріп елшіліктердегі мектептерде білім алып жүрді.
- Мен әртүрлі жанұяларды, әртүрлі мәдениеттерді көріп өстім,- деп айтып өтті. Бұл менің өмірге деген көзқарасыма әсерін берді. Онымен қоса мен өздігіммен өсіп, қандай жағдай болмаса да кез келген уақытта балаларымды асырау керектігін түсіндім.
Шаяхметованың биязылығы, қаттылығы іскер жұмысқа, ірі компания жетекшілері мінезіне сай келеді.
- Әкем маған жүйелікті, ойды талдауды үйретті. Егер кітап оқып отырса, ол әрдайым бір нәрсені белгілеп және орналасқан жолағын сызып көрсетіп отыратын. Ол менімен көптеген уақытын өткізіп, әр тұрғыдағы көзқараспен талдау арқылы немесе басқа да бір халықаралық жағдайларды мысалға келтіру арқылы үйрететін. Анам – қуатты, қайратты болатын. Ол кісі Мәскеу жеңіл өнеркәсіп университетінде білім алған, инженер. Өте әдемі, ашық, мінезі жайсаң, әйел адамға керекті ақылы бар, жақсы бәйбіше, жан-тәнімен балаларын сүйетін ана. Меніңше, мен әрқайсысының тек жақсы жерлерін өзіме қамтыдым деп үміттенемін.
Университетте ол жоғарылатылған шәкіртақыға оқыған. Алты жыл бойы жатақхана тұрған.
- Маған өмірдің берген сыйы болар сірә, себебі, мен әр елдің түрлі мәдениетімен, түрлі тілдермен және олардың тарихтарымен кезіктім. Студенттік өмір – бұл адамды дербестікке әрбір жасаған әрекеттерге жауапты болуды үйретеді.
3-інші курста ол тұрмысқа шықты. Мүмкіншілі болған сәттен бастап олар кішкентай ұлымен Америкаға ағылшын тілін меңгеруге кетті. Одан кейін бірге МВА-ға тапсырды. Өзіне жат елде тұрудың өзі тағы да бір университеттің бірі болды.
- Өте қиын болды – біз кез келген затқа үнемдейтінбіз, - деп есіне алды Шаяхметова. Ата-анамыз көмектеспейтін, жолдасым жанармай бекетінде қосымша еңбек етіп күніне 5 доллар алатын. Ал демалыс күндері тәулігіне 10 сағат жұмыс істеді. Оның тапқан табысы тек бір апталық азыққа ғана жететін. Америка менің өмірге деген көзқарсымды қатты өзгертті. АҚШ-қа дейін мен өмірімді бір ғана кейіпте жоспарлаған едім, бірақ нарық мүлдем басқа нәрсе және оған бейімделу қажет болып шықты. Егер біз жаңа жүйеге бейімделіп үлгерсек өмір сүреміз, ал егер олай болмаса онда қажетсіз болып қалатынымызды түсіндік.
1996 жылы елге оралған сәтте жаңа мәселелер күтіп тұрды – барлығы тапшылықта болды. Тұрмыстық қиындықтар болды - бірде жарық немесе бірде газ болмайтын.
- Бірақ біздер бұл уақытты мүмкіндіктер сәті деп есептедік: жаңа экономика іргесі қаланды, барлығы өзгерді, деп санайды. Және біздер – жаңа талап және білімімізбен – елімізге қажет болдық. Мен ABN AMRO банкке қызмет атқаруға бардым, жолдасым мемлекеттік қызметке орналасты.
Оған әрдайым жақсы адамдармен жүздесу жағынан жолы болды. Голландтық ABN AMRO-да мықты шетелдік менеджмент болды, ол қазақстандық мамандарды қабылдауға көп еңбегі сіңген. Олардың құрамында бүгінгі таңда танымал қаржыгерлер Тимур Исатаев, Магжан Ауэзов, Алина Алдамберген кірген. ABN AMRO тобында ол жұмыстағы мансабын тез құрды, 28 жасында зейнетақы активтері бойынша басқарма компаниясын басқарды.
Өзінің толық біліктілігімен бөлісуге Halyk Bank корпоративтік секторын дамытуға келген сәттен бастап мүмкіншілігі болды. Өзінің тиімді банкир екенін көрсете отырып, Шаяхметова 2009 жылы басқарма төрайымы болып тағайындалды. Бұл ұсынысты қабылдау арқылы оны осы уақытқа дейін басқарған Григорий Марченкомен салыстыратынын түсінді. Сол кездегі әртүрлі пікірлердің болғанына қарап ол жасырмай-ақ бастапқыда сәл қорыққанын айтып өтті.
- Мен толықтай тәуекелді ескеретін адаммын. Егер мақсат қойсаң, оған жететіндей еңбек ету керек. Бастысы барлығын өзіңнен бастау керек. Сондықтан, мен өзіме және қызметкерлеріме бірдей талап қоямын. Банк басшысы ретінде ең алғашқы баспасөз-мәжілісіне бара жатқан сәтім әлі есімде. Мені харизмалық тілге шешен жетекші Григорий Александровичпен теңейді деп келемін, және салыстырған дүниенің барлығы мені төмен жағынан көрсетеді деп ойладым.
Өткен жеті жылдың нәтижелеріне, өзгерген жетістіктерге қарап Шаяхметова тобының нарыққа дұрыс қадам басқанын дәлелдейді. Қазіргі таңда Халық Қазақстандағы ең табысты банк және осы көрсеткіштерімен ТМД елдерінің көшбасшысы. Енді өзіне сенімді шыншыл және сұхбатқа ашық Шаяхметованың қатысуымен өтететін мерекелерге баспасөз өкілдері де үлкен ынтызарлықпен барады. Оның көпшілік алдындағы сұхбаты көп жағдайда жаңғырып жатады, бұл дегеніміз Умут Шаяхметова көптеген сұрақтарға тек өзінің ойын білдіріп қана қоймай, шыншыл көзқарастағы ойын білдіруден қорықпайды.
Өзінің тығыз жұмыс кестесіне қарамастан қоғамдық жұмыстарға да уақыт табады: Алматы іскер әйелдер кеңесімен жұмысын байланыстырады, Қазақстан көркем гимнастика федерациясына басшылық етеді, Қазақстан Республикасы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қаржы секторы президиумының Комитетін басқарады, Халықаралық UnionPay International Өңірлік Кеңесінің Төрағасы болып 2016 жылғы маусымында сайланды. UnionPay International өңіріне Шығыс Еуропа, Орталық Азия, Ресей және Кавказ жатады. Осылардың барлығына қалай уақыт табады – үлкен көлемдегі ақша тасқынын қалай басқарады, көптеген мекемелерде маңызды рөл атқарып, олардың даму және саяси стратегияларын басқару, тілшілермен сұхбаттаса жүріп, өте жақсы көріну оның қолынан қалай келеді?
Оның айтуынша, бұрынғыдай өзінің әріптестерінің қодауымен, ұстаздарының оның ішінде директорлар кеңесін басқаратын Александр Павловқа сүйенетінін айтты.
Біз онымен кешқұрым қоштастық. Оны үйңнде жанұясы және 8 жасар қызы күтуде. Оның өзінің балаларына Ленинаканға барғандығы жайлы айтты ма екен, соны сұрадым. Бірнеше сәтке ойланып тұрды да:
- Бұл сондай ескі және тек маған тиісілі тарих
- Ал егер олар Сіз тәрізді дәл осындай әрекетке барар болса?
- Мен уайымдар едім, бырақ түсінікпен қараймын... Олардың тұлға ретінде қалыптасуын қалаймын. Олар өз әрекетіне жауапты, тәррбиелі және сыпайы.
- Сіз көп жағдайға қол жеткіздіңіз. Тағы қаларыңыз бар ма?
- Шүбәсіз. Көздеген мақсат әрдайым болу керек, нақты мақсат бар кезде, өмір сүруге, жұмыс істеуге және оған жетуге деген құлшыныс болады. Олар біздерді бір қалыпта сақтайды және сол арқылы жұмыстан ләззат аласың.