«Мисс Қазақстан-2016»: Қатысушылардың ресми тізімі жарияланды(Фото)

/uploads/thumbnail/20170709184419868_small.jpg

Қазақстанның әр өңірінен келген қатысушылар астанаға жиналып, «Мисс Қазақстан - 2016» финалдық шоуына қызу дайындық үстінде. Бірінші күндері қыздар әйгілі фотограф Марета Келиговамен бірге фотосессия жасады. Фотосессия мен дайындықтан басқа, қыздар әртүрлі әлеуметтік және қайырымдылық ұйымдарда төбе көрсетті.  Олардың бірі – Астанадағы мамандандырылған түзету мектеп-интернаты болды. Одан бөлек, спорттық жиындардың аясында финалға қатысушы қыздар «Барыс» пен «Адмиралдың» КХЛ-дің чемпионатына қатысты. Келесі күні қыздарды клуб ойыншыларының дайындығына шақырды, онда олар мұз айдынына шығып, атақты спортшылардан мастер-класс алды.

 «Мисс Қазақстан-2016» меретойлық конкурсы 10-желтоқсан күні бейбітшілік пен келісім сарайында өтеді.  30-қарашадан бастап «Мисс Қазақстан» ресми сайтында халықтық дауыс беру басталған болатын. Дауыс беру финалға дейін жалғасады. Онлайн дауыс беру sms арқылы жүзеге асырылады. Дауыс беруден және финалдық конкурстың билеттерінен түскен қаржыны Астанадағы тұрмысы төмен отбасыларға берілетін болады.

 Әділ қазылар алқасы финалда 5 қатысушыны ғана таңдап ала алады, бірінші аруды халық онлайн және sms-дауыс беру арқылы таңдайтын болады. Жеңімпазға бес миллион көлеміндегі ақшалай сыйақы берілетін беріледі, сондай-ақ, «Әлем ару» байқауында Қазақстанды таныстыру мүмкіндігіне ие болады.

Енді 25 қатысушының ресми суреттерін таныстырамыз:

Камила Асылова, «Мисс Алматы», 18 жаста. Елебеков атындағы эстрада және цирк колледжін «хореограф» мамандығы бойынша тәмамдаған.

 

Гүлжан Даулетова (Алматы), 19 жаста. Алматы менеджмент университетінде оқиды. Тіл үйренеді, вокал, йога және латынамерикалық билермен айналысады. I2mar тобының солисті.

 

Далида Наукенова (Алматы), 24 жаста. Қаржыгер. Қазақстанның самбодан өткен чемпионатының күміс жүлдегері. Turkiss тобының солисті.

 

 

Елназ Нұрсейітова, «Мисс Астана», 18 жаста. Технология және бизнес қазақ университетінің студенті. Бейнелеу өнері және музыкамен айналысады. Армрестлинг, баскетбол, волейболмен айналысады.

 

Екатерина Подгородецкая (Астана), 19 жаста. Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінің студенті. Вокалмен айналысады, домбырада ойнайды.

 

 

Бегайым Жорабекова (Астана), 21 жаста. Литва, Клайпедтегі Халықаралық университеттің студенті. «Айару» тобының солисті.

 

Мария Пятина, «Мисс Карағанды», 17 жаста. № 97 гимназияның оқушысы. Көркемөнер мектебін бітірген, бимен айналысады.

 

Айткүл Нұрманова (Қостанай), 19 жаста. Еуразия ұлттық университетінде халықаралық қатынастар факультетінде оқиды. Тілдерді үйренуге қызығады.

 

Екатерина Цыганова, «Мисс Петропавл», 24 жаста. Графикалық дизайнер. Жылқыларды жақсы көреді. Пневматикалық винтовкадан және садақпен атқанды жақсы көреді.

 

Данара Бекмурзаева, «Мисс Семей», 16 жаста. Мұқан Төлебаев атындағы музыкалық училещеде оқиды. Спортпен және бимен шұғылданады.

 

Анастасия Усольцева, «Мисс Өскемен», 18 жаста, Шығыс Қазақстан техника-гуманитарлық колледждің студенті. Гимнастикамен айналысады, сурет салғанды ұнатады.

Айнұр Шаймарданова, «Мисс Орал», 18 жаста. Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық университеттің студенті. Спортпен шұғылданады, халық билерін билейді.

Кристина Шлиммер, «Мисс Қостанай», 17 жаста. Құрылыс колледжінің архитектура бөлімінің студенті. Сурет салады, волонтерлықпен айналысады.

 

Айзат Қожабаева, «Мисс Павлодар», 21 жаста. Торайғыров атындағы университетті тәмамдады. Телевизия саласында таңғы программаның жүргізушісі.

 

Гүлбану Азимханова, «Мисс Қызылорда», 18 жаста. Қызылорда медицина колледжінде оқиды.

 

Зарина Загидуллина, «Мисс Түркістан», 20 жаста. Қазан федеральды университетінің басқару, экономика, қаржы институтының студенті. Зарина, сондай-ақ, бадминтоннан спорттық төреші.

Бертай Қымбат, «Мисс Тараз», 21 жаста. Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының физика мамандығы бойынша 4-курс студенті. Қызыл жарты ай қоғамының ерікті мүшесі.

 

Тоқжан Бекжігіт, «Мисс Шымкент», 20 жаста. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің студенті, жеңіл өнеркәсіп факультеті.

Аруна Сағатбекова, «Мисс Талдықорған», 16 жаста. № 5 мектеп-лицейінің оқушысы. Музыкалық мектепті бітірген, вокалмен айналысады және фортепианода ойнайды.

Дания Кулярканова, «Мисс Ақтөбе», 17 жаста. № 11 гимназияның оқушысы. Жүзумен, шаңғымен,  айналысады.

 

Ақкүміс Елемесова, «Мисс Атырау», 21 жаста. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің  студенті. Музыкамен айналысады, қобызда ойнайды.

 

Балқия Сазанова, «Мисс Ақтау», 18 жаста. «Мейірбике» колледжінің студенті. Домбырада, фортепианода ойнайды.

 

Айман Назенғалиева, «Мисс Instagram», 18 жаста. Дутбаев атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің студенті. Өлең жазады.

 

Сандина Биссен, «Мисс Instagram», 20 жаста. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінің студенті. Вокалмен, бимен айналысады.

 

Жанзира Карибаева, «Мисс Instagram», 21 жаста. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының дәстүрлі музыка факультетінің студенті. Жетігенде, домбырада, сыбызғы, саз сырнайда ойнайды.

 

 

                                             

Қатысты Мақалалар