Оңтүстік Кореяның 75 жастағы тұрғыны Чан Чже қарт әлеуметтік медианың өзіне бейтаныс, тың дүниелерді әйелі мен ұлының көмегі арқылы игеріп, Instagram-ға жүгінді. Ол өзінің парақшасын ғибратты әңгіме айту құралы ретінде пайдаланып, өзінің салған суреттерін үш немересіне арнап отырған.
Оның Drawings for my Grandchildren атты аккаунтындағы шығармалық туынды қалың қауымның қызығушылығын туғызып, қазіргі уақытта 40,000 жазылушыға дейін тіркелген. Оның табысы кездейсоқтық емес. Бұл қарт атаның ұлы 45 жастағы Facebook, Instagram-ның қолданушысы Джи Лидің идеясы болатын.
Отбасы 1981 жылы Сан-Паулудан Сеулге қоныс аударған болатын. Бірақ ұлы Джи Ли Нью-Йоркқа қоныс аударған уақытта оның тәтесі, күйеуі және екі баласымен бірге Кореяға қайтуға шешім қабылдайды.
«Менің әкем зейнетке шыққан болатын және уақытын менің жиендеріммен бірге өткізетін. Оларды мектепке апару әкемнің уақытының көп бөлігін алатын. Олар кетіп қалғаннан кейін, ол істерге іс таппады, бұл, әрине, анам екеумізді алаңдатқызды. Біз оның тез қартайып бара жатқанына абыржулы болдық,», –дейді Ли мырза.

Әкесін жаңа дүниелерге үйрету үшін айлар кеткенін айтады. Байланыста қалу үшін немерелеріне арнап сурет жүктеп отыру керек болды. «Ол бұл идеяны ұнатпады және Instagram-ға өнер туындысын жүктеп отырудың мақсатын түсінбеді. Бірақ мен оны үйретуді жөн көрдім» ,– деді Нью-Йорктағы үйінен BBC News-қа берген сұхбатында.
«Бірақ мен әкеммен күнде отырдым, бір күні менің ұлыма тосынсый жасайық деп әкеме ұсыныс тастадым. Бұл жағдайды толығымен өзгертуге септігін тигізді. Оның үйренуге деген талпынысы арта түсті.

«Қазір ол редакциялаудың түрлі құралдарын үйреніп алды. Instagram әкемнің өмірін толықтай өзгертті. Сол кезден бастап, ол күніне бір сурет салады. Менің анам әңгімелер жазады, ал әкем оларға өмір сыйлайды.

Динозаврлар, пандалар, қаһарман батырлар мен табиғат – Чан Чже жұмысының немерелеріне арналған негізгі тақырыбы. Күнделікті өмір мен Корей мәдениеті де тыс қалмайды. Ол бұл суреттер арқылы өмірлік мәні бар сабақтарға үйретеді, ойымен бөліседі, тіпті жеке хабарламаларды да алып жүреді. Олар үш тілге: ағылшын, корей, португал тілдеріне аударылған.

«Сенің әжең – супер әйел. Ол қолында бір баланы алып жүрсе, екіншісін артына салып алады. Балалар, өтініш, ұмытпаңдар!» деген жүрек жылытар жазбасы да бар.

Әкесінің оқиғасын қалың көпшілікпен бөлісуді жөн санаған Джи Ли Facebook-тан видео арқылы бөлісіп қояды. Бұл видео вирус сияқты тез таралған. 18000 реакция жинап, 1,3 млн адам тамашалаған екен. Ол бұл видеоның танымал болатынын еш күтпегенін айтады. «Мен ұйықтауға жаттым, тұрғанымда Instagram-дағы жазылушылар саны бірден 40000-ға артқанын көрдім»,– дейді ұлы.
Facebook-тағы мыңдаған қолданушылар Чан Чженың оқиғасы олардың жүректерін елжіреткенін айтады. «Тірі мұра, мазмұнды әңгімелер, әдемі суреттер» деп желіде баға берушілердің саны өте көп.