Google Earth-дағы «Уақыт машинасы» 32 жылды артқа қайтарады

/uploads/thumbnail/20170709184438962_small.jpg

Google компаниясы Timelapse «уақыт машинасының» функциясын жаңартты. «Google Планета Земля» картографиялық сервисі ретінде 2013 жылы іске қосылған болатын. Ол уақытты артқа қайтарып, Жердің 1984 жылдан бүгінгі күнге дейін қалай өзгергенін көрсетеді.

Timelapse-та инфраструктурлық жобалардың (мысалы, Сан-Франциско мен Оклендті жалғастыратын Окленд Бэй Бридж көпірінің қайта құрылуын немесе Дубайдың дамыған қалаға айналғанын) Антарктидадағы мұздықтардың қозғалысын, орман алабы мен өзен аңғарларының дамып, өркендеуінің құрылыстағы процессін бақылауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, адамзаттың шаруашылық қызметінің әсерінен 32 жылда планетаның  қалай өзгергенін көрсетеді.

«Біз «Google Планета Земля» қозғалтқышын қолдану арқылы 5 миллион спутниктік кескіндемелерден 3 квадриллион пикселға дейін үлестірдік», – дейді Google. Жасаушы мамандар Landsat 8 бен Sentinel-2 спутниктері түсірген сапалырақ суреттерді қосты, сондай-ақ, 4 қосымша жылдарды енгізді. (Бұған дейін Timelapse-та 1988 жылдан ары қарай артқа қайтуға болмайтын).

Қатысты Мақалалар